ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ ЕСЕП БЕРДІ

18:50, 10 қыркүйек 2021

ДК: Биыл Ақмола облысы бойынша  көпбалалы 179 отбасы қоныс тойын тойлайды. Оған республикалық қазынадан 1 млрд. теңге қарастырылыпты. Бұдан бөлек, жыл басынан бері «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында әлеуметтік аз қамтылған 185 жанұя баспаналы болды. Ал, жалпы соңғы 3 жылда 14 мың ақмолалық жаңа пәтерге қол жеткізген. Бұл туралы облыстық мәслихаттың 8-ші сессиясында  аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді. Сондай-ақ, әкім 7 айды қортындылап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен де таныстырды.

РКС: Өңірде жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Мәселен, осы 7 айдың өзінде 13 мың адам жұмысқа орналасыпты. Соның 8 мыңы тұрақты қызметке кіріскен. Бұл жалпы көрсеткіштің 81 проценті. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне өңірде жүзеге асып жатқан көптеген жоба сеп болған. Бір ғана көлік инфрақұрылымы аясында 232 жоба жүзеге асқан. Ал, жобаларды жүзеге асыру мақсатында 83 млрд. теңге бөлінген.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың және елді мекендердің көше-жол тораптарының шамамен 800 шақырымы жөнделетін болады.2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға және жөндеуге 35 млрд. теңге бөлінді, жөнделгені - 700 км. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде, ағымдағы жылы жақсы және қанағат жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі бойынша жоспарлы көрсеткіш – 82 процент қол жеткізілетін болады Республикалық жолдар бойынша күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жүргізіледі. 

РКС: Сонымен қатар, Ермек Боранбайұлы өңір экономикасының негізгі драйвері агро секторға да жеке тоқталды. Жыл соңына дейін 112 ет және 19 сүт фермасы іске қосылмақ. Ал, мемлекет басшысының тапсырмасына орай  алдағы 5 жыл ішінде құны 255 млрд.теңгені құрайтын 48 ірі инновациялық жоба жүзеге аспақ. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстары да назардан тыс қалмады. Құрғақшылыққа байланысты биыл танап басына  орақ ерте түсті. Өнімнің саны аз болғанымен, сапасы жақсы,-дейді облыс әкімі.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Биылғы жылы ауа райының қиын жағдайлары астық өнімділігіне әсер етті. Бүгінгі таңда 3,5 млн. гектар немесе егін жинау көлемінен 78 процент астық бастырылды.  Гектарынан 8 центнер орташа түсімімен 2,8 млн. тонна астық жиналды.  Егін жинау жұмысына 8,5 мың астық жинау комбайны тартылды. Оның ішінде 3,5 мыңы – жоғары өнімді техника. 1733 данасына жаңарту жүргізілді. Облыс жанар-жағармай материалдарымен толық көлемде қамтамасыз етілді. Қолайлы ауа райы жағдайында, егін жинау жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

РКС: Иә, қазіргі таңда орақ науқаны барлық ауданда қызу жүруде. Мәселен, зеренділік диқандар егіннің 30 процентін орып алыпты. Құрғақшылық бүйірден қысты. Дей тұрғанмен, ауданда басқа да бірқатар салада ерекше өсім байқалады. Әсіресе, өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі 195 млр.теңгеге жеткен.  

СНХ: ҚАЙРАТ АУҒАЛИЕВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Аудан бойынша 7 айдың ішінде жалпы өндіріс көлемі 211 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 195,2 млрд.теңге құрап отыр .Осы салада «Алтынтау Көкшетау», «Айдабол спиртзауыты», Алексеевка Доломит кеніші, «Милк Прожект», «Блиц терминал» сияқты ірі кәсіпорындар ойдағыдай қызмет етуде. Индустрияландыру картасына сәйкес «Арай про» серіктестігінің каолин шығару комбинаты, «Зеренді сақтау өнімдері», серіктестігінің картоп өңдеу цехін ашу, «Қазақ даймондс» компаниясының техникалық алмаздарды шығару фабрикасын ашу бойынша жобалар іске асырылуда.

РКС: Облыс бойынша да өнеркәсіп өндірісінің қарқыны төмендемеген. Өңір басшысының сөзі осыған саяды. Осы жылдың өзінде 383 млрд.теңге болатын 86 ірі инновациялық жоба жүзе асырылған. Бұдан басқа, негізгі капиталға құйылған жеке инвестиция көлемі 217 млрд. теңге. Қомақты қаржының басым бөлігі индустриялық сектордың еншісінде екенін атап өткен жөн.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ-АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...