ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ ӨҢІРДІҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20:02, 1 маусым 2022

ДИКТОР:  Дарынды ұрпақ-ел болашағы. Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің дарынды оқушыларымен кездесті. Іс-шараға халықаралық, республикалық деңгейде өткен жарыстарда жеңімпаз  атанған 83 оқушы қатысты.

ИНТЕРШУМ: Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың балалар күнінмен құттықтауы

РКС: Іс-шараға өз өнерін көрсету үшін өңірдің түкпір-түкпірінен дарынды жастар жиналған. Олардың бірі домбырыда шебер ойнап, әсем күй сыйласа, екіншісі қолдан жасалған керемет бұйымдарын көрсетті.

ИНТЕРШУМ: Балалардың өнерімен танысу

РКС:  «Білекті бірді жығар, білімді мыңды шығар» демекші, іс-шараға қатысқандардың барлығы түрлі сайыста шыңдалып, қатарластарынан озып шыққан дарындылар. Солардың бірі-Шуақ Мақсұтбекқызы. Ол бұл кездесуге сонау Ерейментау ауданы, Отрадное ауылынан келген. Оқушы «Зерде» республикалық байқауында үздіктер қатарына еніп, күміс медаль жеңіп алған.

СНХ: ШУАҚ МАҚСҰТБЕКҚЫЗЫ, «ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен төртінші сынып оқушысымын. Биыл республикалық жарыста «Ауыл тарихы-ел тарихы» тақырыбымдағы  жұмысымды қорғап, екінші орын жүлдегері атандым. Республикалық кезеңге дейін осы тақырыппен, аудандық, облыстық жарыстарда бірінші орынды иелендім. Мектебімнің үздік оқушылары қатарындамын. Көптеген мектепшілік және аудандық шараларға үнемі қатысамын.

РКС:  Алматы қаласында өткен халықаралық « First Kazakhstan-2022» работотехника чемпионатында да өңірдің өнерлі өрендері алтыннан алқа тақты. Оқушылар жасанды интеллектке ие робот құрастырып, мың баланың ішінен топ жарыпты.

СНХ:  БАУЫРЖАН ҚАЙДАРОВ, «FIRST KAZAKHSTAN-2022» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:Наш первый шаг к победе начался с соревнований на онлайн платформе, где мы показали лучший результат. На втором этапе мы стали победителями республиканского конкурса. Третий этап соревнования участие в челлендже Социал Медиа Челлендж, где наша команда набрала максимальный балл и была приглашена на национальный этап. /// Онлайн платформадағы жарыстан ең үздік нәтиже көрсеттік. Бұл біздің жеңіске деген алғашқы қадамымыз болды. Республикалық байқаудан да топ жарып, алтыннан алқа тақтық. Жарыстың үшінші кезеңінде әлеуметтік Медиа Челленджге қатысып, ең жоғары ұпай жинадық. Содан кейін ұлттық кезеңге шақырылдық.

РКС: Бүгінде жастарды алға тартып, оларды ынталандыру басты мақсат. Өңірде де мұндай дарынды балаларды қолдау бағытында бірталай іс атқарылып жатыр.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Конечно мы должны вас заинтересовать, дать мотивацию.  С этого года победители международных олимпиад будут получать денежные призы.За первое место 4 миллиона тенге, за второе место три миллиона тенге, за третье место полторы миллионов тенге. ///  Жастарды қызықтырып, мотивация беру басты мақсат. Сондықтан да, биылдан бастап халықаралық олимпиаданың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар беретін боламыз. Алтыннан алқа таққандарға 4 миллион теңге, күміс жүлдегерлерге 3 милиион, ал үшінші орынды еншілегендерге бір жарым милиоон теңгелік сертификаттар табыстаймызз.

РКС: Өңірдегі «Білім-инновация» лицей-интернаты елдегі ең үздік 100 мектептің қатарында. дарынды балаларға арналған Аталмыш оқу ордасының оқушылары түрлі білім бәйгесінде топ жарып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Оларды қолдау басты мақсат. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мектепке 10 млн теңгенің сертификатын табыстады. Қаржы білім ордасында биология кабинетін ашу үшін жұмсалмақ.

ИНТЕРШУМ: Сертификатты табыстау

РКС:  Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Маржықпаев дарынды балаларға «Сұңқар» лагеріне жолдама беріп, ақшалай сертификаттар табыстады.

ИНТЕРШУМ: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев оқушыларға сертификат және жолдама табыстады

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...