ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

21:08, 15 қараша 2021

ДИКТОР: 15  қараша  – Қазақстанда ұлттық валюта күні әрі қаржыгерлердің кәсіби мейрамы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өңір басшысы Ермек Маржықпаев  сала үздіктерін марапаттады.

РКС: Теңге енгізілгеннен бері облыс бюджеті 1 миллиард теңгеден 400 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл өңір экономикасымен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ұлттық валюта тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен дамуы жолымен тығыз байланысты. Биыл сіздермен бірге тұғырлы тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын атап өтпекпіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңгені енгізу туралы шешімі -  республика экономикасын дамытып, жаңа кезеңге  шығуына негіз болды.

РКС: Гүлнар Ақбергенова қаржы ұйымында 30 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі марапат ол үшін алғашқы жетістік емес.  Айтуынша, қаржы саласында үздік болу үшін әдептілік пен шыдамдылық қатар жүру керек.

СНХ: ГҮЛНӘР АҚБЕРГЕНОВА, «НҰРБАНК» АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ЕСЕПШІСІ:  Ұлттық валюта-біздің Тәуелсіздігіміздің айғағы. Егеменді елдің нықтап орныққанының бірден-бір кепілі.  Ұлттық валютасы бар кез - келген мемлекетте тәуелсіздік бар. Мен банкте 35 жылдан бері жұмыс істеймін. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден жұмысқа келдім. 35 жыл ішінде мен үлкен тәжірибе жинадым. Менің міндеттерімнің тізіміне барлық қаржылық операцияларды бақылау, қызметті бақылау және жас кадрларды тәрбиелеу кіреді.

ИНТЕРШУМ: марапаттау

РКС: Өңір басшысы қаржы құрылымдарының түрлі деңгейлі мамандарын марапаттады.  Іс-шара облыстық филармонияның салтанатты концертімен аяқталды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕРІК МАНАП.  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...