ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ОБЛЫС КОЛЛЕДЖДЕРІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

19:40, 10 маусым 2021

ДИКТОР: Өңірде облыстық білім басқармасы жетекшісінің қатысуымен брифинг өтті. Онда техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беретін колледждерге талапкерлерді оқуға қабылдау тәртібі баяндалды. Толығырақ тілші бейнематериалында.

РКС: Ағымдағы жылы облыс мектептерінде 9 сыныпты 10283 оқушы тәмәмдады. Алдын ала  алынаған деректер бойынша 5552 оқушы колледжге түсуге ниетті.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ,  ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  ///аударма/// Облыста «Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасын іске асыру жалғасуда. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік орта білім беретін кадрларды даярлауға өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып 4790 орын даярланды. Мемлекеттік тапсырыс құрылымында білім берудің екі деңгейі бөлінген: 4345 орындық техникалық және кәсіптік білім беру және 445 орындық қолданбалы бакалавриат.

РКС: Облыста 26 мемлекеттік және 6 жекеменшік техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі жұмыс істейді.  Оның  ішінде 23 колледж аккредиттеу рәсімінен өтті.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ,  ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  ///аударма/// Барлық колледждерде талапкерлерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беретін колл-орталықтардың, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қарастырылған. Талапкерлер 25 маусымнан бастап колледждерге түсу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «ТжКББ ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсына алады.

РКС: Облыс колледждері талапкерлерді қабылдауға дайын. Сондай-ақ, ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде 79 мамандық, 149 біліктілік бойынша талапкерлерді қабылдау көзделіп отыр.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕРДІ «МЫРЗА, ХАНЫМ» ДЕП АТАУ ҰСЫНЫЛДЫ
19:58, 29 шілде 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІ «МЫРЗА, ХАНЫМ» ДЕП АТАУ ҰСЫНЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫНЫҢ АДАЛ ЕҢБЕГІ
20:10, 23 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫНЫҢ АДАЛ ЕҢБЕГІ
Толығырақ...
«ҚЫЗЫЛ АЙМАҚ» ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
20:14, 23 шілде 2021
«ҚЫЗЫЛ АЙМАҚ» ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН...
Толығырақ...