ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

21:28, 3 тамыз 2021

 

ДИКТОР: Осы жылы Көкшетау қаласында 64 миллион теңгеден астам қаражатқа 15 спорт алаңы салынады деп жоспарланып отыр. Застанционный кентінде спорт алаңының құрылысы басталды.

РКС: Спорт алаңдарының орналасатын жерін тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, қалалық құзырлы орган анықтайды.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ЧЕХЛЯЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ: Біздің компания тендер бойынша 15 спорт алаңының құрылысын салуға қатысты конкурсты жеңіп алды. Жоспар бойынша, спорт алаңдарының құрылысы қазан айында аяқталуы керек. Жұмыс кезең-кезеңмен жүріп жатыр.  Ең алдымен біз спорт алаңының сызбасын жасадық. Содан кейін керекті материалдарды әкелеміз. Спорт алаңы 225 шаршы метр болады деп жоспарланып отыр. Спорт алаңдарында воркаут кешені, түрлі деңгейдегі турникет орнатылады.

РКС: Мердігер компанияның құрылысты жүргізу жоспары бойынша  144 шаршы метр аумақта балаларға арналған 9 спорт алаңы орнатылады. Жобаның құны – 22 миллион теңгеге жуық. 

СНХ: ОЛЬГА КОСТЕНКО, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Балабақшаға  баратын жолда жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Қала тұрғындарының өтініші бойынша асфальт төселді. Енді біз ауладағы кейбір ағаштарды кесуді сұраймыз. Өйткені ағаштар құлап кеткелі тұр. Спорттық алаңдар орнатып жатқандарына қуаныштымын. Балалар өте көп, футбол алаңын да жасау керек деп ойлаймын.

РКС: Сондай-ақ, Застанционный кентінің тұрғындары аулаларға түнгі  шамдар орнатып, асфальт төсеудің қажеттілігін де атап  өтті.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...
 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...