ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ТҮРЛІ САЛА МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

19:43, 30 қараша 2021

ДК:. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көкшетау қаласының дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі ескерілді. Қала әкімі Бауыржан Ғайса айтулы мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени дамуы жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттап, мерекелік төсбелгілер табыстады.

РКС: Тәуелсіз Қазақстан бүгінде керегесі кең, басқа елмен терезесі тең, бәсекеге қабілетті, қарқынды даму жолына түскен қуатты мемлекетке айналып отыр. Қала әкімі Бауыржан Сейітқалиұлы еліміздің бүгінгі жетістіктері мен шыққан биігі Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен ұтымды шешімдерінің нәтижесі екенін айырықша атап өтті.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері – Елбасының халқымыздың игілігі жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі. 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды.Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады

РКС: Іс-шараның салтанатты бөлігі түрлі сала мамандарын құрмет грамоталарымен марапаттаумен жалғасты. Қала әкімінің алғыс хаты 4 «Ж» сыныбының оқушысы Тимур Смирновқа табысталды. Мүмкіндігі шектеулі бала оқу озаты және есте сақтау қабілеті ерекше.

ИНТЕРШУМ:МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Қала әкімі Бауыржан Сейітқалиұлы мереке құрметіне пандемия кезінде еңбек еткен медицина қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердіде. Мұғалімдерге партия билеттерін табыс етті. Сондай-ақ жетістіктері бар тұрғындарға құрмет грамоталарын марапатталды. Соның ішінде ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері де бар.  Бұл мереке ерекше, өйткені Тәуелсіздік-Елбасының еңбегі, біз жастар ретінде үлгі алуға тиіспіз.

РКС: Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Әлемнің көп елі тарихи тұлғаны дана саясаткер ретінде танып, мойындайды. Тұрақтылық пен келісім жарасым тапқан Қазақстан Тұңғыш Президент салған сара жолдан таймасы анық.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...