ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

19:15, 21 шілде 2021

 

ДИКТОР: Елімізде коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталған кезден бастап, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін түрлі шаралар жүргізіле бастады. Өңірде көпбейінді облыстық аурухана базасында, Көкшетау медициналық колледжінің дерматовенерологиялық орталығы мен жатақханасының корпусында инфекциялық-провизорлық, карантиндік стационарлар ашылғаны белгілі.

РКС:2021 жылдың басынан коронавирустық инфекцияға қарсы күреске көпбейінді облыстық аурухананың 479 қызметкері жұмылдырылды. Оның ішінде 76-сы дәрігер, 190-ы орта медициналық, 213-і кіші медициналық персонал.Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты тері-венерологиялық диспансердің базасында 100 орындық инфекциялық стационар өз жұмысын жалғастырып келеді.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін дерматовенерологиялық диспансер базасында 100 орындық инфекциялық госпиталь ашылды. 2020 жылдың 5 наурызынан бастап біз провизорлық, карантиндік, инфекциялық төсектерді орналастырдық. Өткен жылы коронавирустық инфекциядан 2040 науқас емделді. Бүгінгі күні дерматовенерологиялық диспансер базасында 480 адам  ем алды.Үнді дельта штамының пайда болуына байланысты коронавирус инфекциясының үшінші толқыны басталу қаупі бар. Бүгінгі таңда COVID-19 ауруының бірнеше есе өсуі байқалады. Осыған байланысты өлім қаупі де жоғары. Сондай-ақ, қазір вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

РКС:Инфекциялық-провизорлық госпитальдың айырмашылығы әр қабатта орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету жүйесі бар. Провизорлық, инфекциялық, карантиндік стационарлар орналасқан ғимараттар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келеді. Сондай-ақ, арнаулы қоршаулар, жеке кірме жолдар, өткізу пункттерімен желдеткіштер бар.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...