ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНА СЫН АЙТЫЛДЫ

20:05, 22 қараша 2021

ДК: «Жол картасы» бағдарламасы аясында жоспарға енгізілген кейбір құрылыс нысандарының жұмысы әлі де аяқталмаған. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен жиында өңірдегі кей нысандар құрылысының жоспарда қарастырылмағаны да айтылды.  Жансұлу Жиенқұл баяндайды.

РКС: Қосшыдағы емхана құрылысының кешеуілдеуі, Атбасар ауданындағы кей нысандардың жоспарға дұрыс енбегені секілді күмәнді мәселелер талқыланды. Облыстық «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов ресми құжаттарға қаз-қатар тізілген заңсыздықтарды айтты. Мәселен, Ақкөл ауданында 2023 жылы дәрігерлік амбулатория, ал Атбасар ауданында 2025 жылы тағы бір медициналық мекеменің құрылысы  жоспарланған. Алайда қай елдімекенде, нендей ғимарат салынатыны дұрыс жазылмаған.

СНХ: ҒАЛЫМ БЕКМАҒАМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысы жүйелі түрде жұмыс атқара алмағаны үшін сөгіс алып отыр. Алдын ала бәрін жоспарлаймыз. Бірақ жүйе жоқ. Нәтижесінде халыққа түрлі сылтауды айтып ақталасыздар. Мәселен, Атбасар ауданының  әкімдігі Сочинскі мен Новосельскада фелбдшерлік-акушерлік пункт салуды жоспарлаған. Бірақ оны сіздермен неге ақылдаспаған? Міне 9 ай өтті. Неге нәтиже жоқ?

СНХ: НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ия, біздің тарапымыздан кемшіліктер бар. Шынындща  жоспардан кешігіп келе жатырмыз. Атбасар ауданындағы 2 нысан бойынша жобалық-сметалық құжат бар. Жол картасындағы жоспарға сәйкес, денсаулық сақтау басқармасы құжаттарды дұрыс әзірлемегенін мойындаймыз.

РКС: Жиында жобалық-сметалық құжаттардың проблемасынан бөлек, Елорда маңайындағы ауылдардағы медициналық мекемелер ғимаратының сын көтермейтіні де  айтылды. Алдағы уақытта облыстық басқарманың  жұмысынан бастап, аудан әкімдіктерінің құжаттары толық тексерілетіні айтылды. Сәйкесінше, тексеру жұмыстары арқылы атқарылуы тиіс жұмыстардың нәтижесі де тексерілмек.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...