ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ

19:34, 13 сәуір 2021

ДК: Ұзақ үзілістен кейін балғын көрермендер үшін «Тролли» сазды-театрландырылған қойылым сахналанды. Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның концерт залында өткен қойылымды тамашалап келген тілшіміз Тілек Қайыржанның материалын назарларыңызға ұсынамыз. 

РКС: Спектакль балғын көрерменнің көңілінен шықты деуге болады. 2016 жылы көгілдір экранға шыққан «Тролли» мультфильмін мюзикл негізге алған.  Қойылымға театр студиясымен бірге «Гәкку» би ансамблінің кіші тобы қатысты.  

СНХ: АЗАМАТ ЫДЫРЫСОВ, «МЮЗИКЛ» ТЕАТР СТУДИЯСЫНЫҢ АКТЕРІ///аударма///Бұл спектакль осыдан бес жыл бұрын қойылған еді. Біз сұранысқа ие қойылымдарды сахналауға басымдық береміз. Балғындардың талғамына сай спектакльдерді айтып тұрмын. Троллиді қазақтың эпосымен байланыстырдық. Ертегінің желісі бойынша батыр троллидің еліне тап болады. түрлі оқиға өтеді. Соңында жақсылық зұлымдықты жеңеді. Соңы мерекеге ұласады. Қойылымға 6 актер қатысады.  

РКС: Кішкентай көрермендер ертегі әлеміне саяхат жасап, басты кейіпкердің қылықтарына бірге алаңдады. Сазды-театрландырылған қойылым көктемгі күн мен түннің теңелуіне орайластырылған.  

СНХ: АЗАМАТ ЫДЫРЫСОВ, «МЮЗИКЛ» ТЕАТР СТУДИЯСЫНЫҢ АКТЕРІ///аударма///Қойылымға екі аптадай дайындалдық. Қатарымызға жаңа актерлер қосылды. Жаңа сценарий, дыбыстау бәрін мұқият жасағаннан кейін біздің кішкентай көрермендерімізге көрсетейік деп шештік. Бұл ертегінің кейіпкерлерін бүлдіршіндер жақсы таниды. Батыр Бахтияр да бар. Зұлым  кейіпкерді ойнаймын.

РКС: Театр студиясының бір жылдан астам үзілістен кейінгі алғашқы қойылымы. Шығармашылық ұжым онлайн режимде жұмыс істеді. Қойылымдарын камераға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеп отырды. Карантиндік шектеулер жеңілдетілгеннен кейін театр студиясы көрерменімен қайта қауышты. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МҮСЛИМА АСХАТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...