ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ «JALYNDY JASTAR» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

19:47, 12 қараша 2021

ДИКТОР: Жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында облыстық «JALYNDY JASTAR» қайырымдылық фестивалі өтті. Аталмыш шараға облыстың  және өзге де өңірден келген 20-ға жуық команда қатысты. Сатылған билеттен түскен қаражат көкшетаулық сырқат баланың еміне жұмсалады.

 

РКС: Жайдарман ойыны бүгінгі таңда жастар арасында жақсы қолдауға ие болып, дәріптеліп келеді. Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған әзіл-сықақ фестивалі екі тілде өтті

СНХ:  МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жалпы, бұл фестивальға 8 қазақ лигасындағы командасы және 6 орыс командасындағы топтар қатысты. Бұл фестиваль пандемиядан  кейін бірінші рет өткізіліп отыр. Барлық санитарлық талаптар сақталды.

РКС: Командалар өз ойындарында әлеуметтік-тұрмыстық өзекті мәселелерді астарлы әзілмен жеткізді. Сүйікті ойыншыларын қолдап келген жанкүйерлердің қарасы көп. Жан-жақты ізденіп келген жалынды жастар әдемі ойын өрнегін көрсете білді.

СНХ:  АЗАТ ЖҮСІП, «НЕ КИПИШУЙ» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Қазіргі таңда Ресейде және Қазақстанда өнер көрсетіп жүрміз. Бұл фестивальге достарымыз шақырды. 

РКС: Қазақ тілінде өткен жайдарман әзілкештер конкурсынан 1 орынды Еуразия ұлттық университетінің студентері құрған «Элита» командасы жеңіп алды.  Орыс лигасындағы 1 орынды да Нұр-Сұлтан қаласының «Не Кипишуй» командасы қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының командалары да жүлделі орындарға ие болды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...