ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

18:39, 2 наурыз 2021

ДК: Алғыс айту күніне орай облыстық облыстық қазақ және орыс драма театрлары өз жұмысын бастады.

РКС: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры өз көрермендерін асыға күтті. 10 наурызда "Шыңғыс хан" спектаклінің премьерасы болады. Бұл қойылым әлемді жаулаған тарихқа енген батыл қолбасшыны және оның аңызға айналған ерліктеріне негізделеді. Мұқият таңдалған костюмдер, үйлесімді қойылған реквизиттер мен арнайы декорациялармен дайындалған театр көрерменнің жүрегін жаулауға дайын.

СНХ: ЗҮЛКӘПІЛ БАТИХАН, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ///қаз///Жас әртістермен толығысып жатырмыз. Мықты-мықты балалар, құдай қаласа, міне бүгін өнер көрсететін болады. Бүгін алғыс айту күні. Көрерменмен қауышпағанымызға көп болды. Көрермендерді біз де сағындық. Бізді де сағынған шығар деп ойлаймын. +скл+ Театрға келгендерді көріп қуанып жатырмыз.

РКС: Көктемнің алғашқы күнінде облыстық орыс драма театры көрермендер мен жанкүйерлердің ең шынайы сезімдерін оятатын спектакльмен өнер көрсетті. Қайырымдылық қойылымының негізгі мақсаты – қауіпті індетпен арпалысу кезінде алдыңғы қатарда тұрған қызметкерлерге қолдау көрсету және жылы лебіз білдіріп, алғыс айту.

СНХ: ОЛЬГА БОГДАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ///аударма///Бүгін кешке театрымызда дәрігерлерді, мұғалімдерді және ішкі істер саласының қызметкерлерін күтеміз. Осы орайда оларға атқарған ерлігі үшін алғыс айтқымыз келеді. Бір жылдан кейін өз көрермендерімізге театрымыздың есігін қайта ашқалы отырмыз. Біз оларды сағындық. Олар да бізді асыға күтті деген үміттеміз.

РКС: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында облыстық орыс драма театры "Ақмола театр" іс-шаралар топтамасын ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, 5 наурыздан бастап қойылымдар шеруін көрерменге ұсынбақ. "Хижина" спектаклі – көкшетаулық көрерменді қуантатын алғашқы қойылым. Десе де, карантиндік талаптарға байланысты театр барлық келушілерді қабылдай алмайды. 30 процент толымдылық бұл шамамен 30 адам.

СНХ: МАҚСАТ ЫБЫРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ///аударма///Көрермен осы спектакльді тамашалаудан ләззат алады деп ойлаймын. Әртіс ретінде маған сахнасыз, дайындықсыз, көрерменнің қошеметінсіз жүру  қиынға соқты. Бірер уақыттан соң сахнаға шығу үшін үлкен дайындық үстіндеміз. Мұның өзі мен үшін бақыт. Құдды бір аш адам үстелге отырып, алдындағы асын тоқтамай жейтін сәтіндей ұмтылып тұрмын. Біз өз көрермендерімізді күтеміз! Мен оларға барлық талантымды көрсетіп, қошеметіне бөленуге ынтықпын.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, КӘМШАТ ТӘКІШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...