ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

14:16, 10 маусым 2021

 

ДИКТОР:  Облыстық орыс драма театры 1977 жылдың қазан айында өз көрермендеріне есігін айқара ашты. Енді өткен 50 жыл бойы өз көрермендерін заманауи қойылымдармен қуантып келеді. Тәуелсіздік алғалы  театр өңірдегі іргелі мәдени һәм рухани нысандардың біріне айналды.

РКС: Театрдың негізін қалаушылардың бірі және идеялық шабыттандырушысы Яков Куклинский. Ол жиырма жыл бойы театрдың көркемдік жетекшісі болса, Юрий Лакомов директор қызметін атқарды. Театр сахнасы шымылдығын ең алғаш рет "Интервенция" пьессасымен ашқан.  Жеті жылдан бері театрға Бейбіт Бақтыгереев жетекшілік етіп келеді.

СНХ: БЕЙБІТ БАҚТЫГЕРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  //аударма// Тәуелсіздік жылдары театрларда  не өзгерді ? 30 жыл-бұл үлкен мерзім. Бұл кезеңде, басында еліміз енді қалыптасып жаттқандықтан аяққа тұру өте қиын болды. Десе де мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп театрлар сол қалпы сақталып қалды. Бүгінгі таңда театр бүкіл халық үшін қолжетімді орта. Театр өз қойылымдарды қойып, кез-келген тақырыпты таңдай алады. Сондықтан репертуар өте кең.

РКС: Театр труппасында әрдайым талантты, дарынды әртістер жұмыс істеді. Олар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар жоспарлап отыр.

СНХ: ОЛЬГА БОГДАНОВА,  ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ: //аударма// Біздің  театрымыз да,  еліміздің үлкен театрлары сияқты, Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтуге дайындалуда. Сондықтан осы тақырыпқа арналған қойылымдар қарастырдық. Енді қазір  жерлесіміз, драматург Олжас Жанайдаровтың пьесасын алдық.  Оның "Желтоқсан алаңы"атты керемет өлеңі бар.  Бұл біздің жас ұрпағымызға қызықты, бір ерекше әсер қалдырады деген ойдамын.  Себебі олар егемендікке қалай қол жеткізгенімізді білуі керек.

РКС: Бүгінгі таңда театрда 37 шығармашылық ұжым, барлығы 116 адам еңбек етеді.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, КӘМШӘТ ТАКИШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...