
ДИКТОР: Өңірде облыстық «Жұлдызай-2022» ұлттық инклюзивті ойындардың жабылу салтанаты өтті. Аталмыш іс-шара балалар жылы аясында ұйымдастырылған. Сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен жиналған ерекше қажеттілігі бар 100-ге жуық бала қатысты.
РКС: № 1 Красный Яр мектебінің оқушылары бұл сайысқа тыңғылықты дайындалған. Олар алдағы уақытта республикалық ойындарға өтіп, облыс намысын қорғағымыз келеді дейді.
СНХ: АЗАМАТ МӘЖИТОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Бұл спартакиадаға біздің мектептен 6 оқушы келіп отыр. Олар жеңіл атлетикадан 50 және 100 метрлік қашықтықта бақ сынады. Барлығы жақсы өтті, жеңіс тұғырынан көрінгіміз келеді.
РКС: Сайысқа қатысқандардың тең жартысы облыстың намысын республикалық деңгейде қорғайды. Жарыс биылғы жылдың қыркүйек айында Алматы облысында өтпек.
ИНТЕРШУМ: балаларды марапаттау
РКС: Спортшылар спартакиада да бір емес, бірнеше бағытта сыналды. Оның ішіне асық ату, бес тас, шағын футбол және жеңіл атлетика кірді. Кейбір қатысушылар тек өздерін қызықтырған спорт түрін ғана таңдаса, қалғандары түрлі сыннан өтті.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»