ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

19:48, 5 тамыз 2020

ДИКТОР: Облыста  өкпені жасанды жолмен желдету  құрылғыларын шығару өндірісі кеңеймек. Тыныс алу аппараттарын дайындаумен айналысатын кәсіпорын жоғары техникалық колледжімен бірлесе отырып ортақ жобаны қолға алмақшы. Оқу орнында технолог мамандар заманауи аппараттың бөлшектерін құрастырып, өздері өңдейді.   

РКС: Әли Бузуртанов жоғары техникалық колледжінің түлегі. Жас маман корпустық бөлшектерді өңдеуге қатысты көрнекі емтихан тапсырып, кейін осы оқу орнына жұмысқа қабылданған. Бүгінде технолог маман өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарын шығаратын кәсіпорынмен бірлескен жобаны жүзеге асыруда өз үлесін қосуда.

СНХ:  ӘЛИ БУЗУРТАНОВ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ///русс///Қазіргі уақытта біз өкпені жасанды жолмен желдету аппаратының  корпустық  бөлшектеріне арналған басқару бағдарламасын дайындау үстіндеміз. Аталған корпустық бөлшек оттегіні жіберіп тұрады. Ол аппаратқа орнатылады. Оның әр бөлшегін жасауға шамамен 40 минут уақыт кетеді. 

СНХ: ВЯЧЕСЛАВ КОНОНОВ,  ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ///русс/// Sprid бағдарламасымен жұмыс істеудеміз. Біз қазір корпустық бөлшектерді өңдеуге арналған басқару бағдарламасы үшін визуализация жасаймыз. Алдымен бөлшектерін қиып алу жұмысы жүргізіледі, кейін өңделіп, барлық ойықтар тесіледі. Жұмыс уақыты бөлшектердің күрделілігіне байланысты. Мәселен, мына бір бөлігін дайындау үшін бір апта уақыт кетті. 

РКС: Колледж басшылығының айтуынша, кәсіпорынмен келісім-шарт жасалған күннен  бөлшектерді дайындау ісі жолға қойылған.  

СНХ: ПЕТР ПИЩУР, ӨНДІРІС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ///русс///Біздің кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы шектеулі болды. Осыған байланысты біз Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы кәсіпорындардың бір бөлігін қосуға тырыстық. Сөйтіп, 3 зауыт көмектесе бастады. Сонымен қатар, жоғары техникалық колледжімен де келісім- шарт жасалды. Аталған оқу орнында өкпені жасанды жолмен желдету аппаратының негізгі тетігі игерілді. Қазір сол бөлшектер жасалуда.  

РКС: Айта кетерлігі, зауыт жылына  70-ке жуық желдету аппаратын шығарады. Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны көбейген тұста аталған аппаратқа деген сұраныс 10 есеге артты. Қорыта келгенде  зауыт 2,5 айда шамамен 700 құрылғы шығарып үлгерген.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЕВА, АЛЬМИРА САТЫБАЕВА, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...