ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ

19:39, 13 тамыз 2020

ДК: Алдағы жарты жылда Көкшетауда өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарының жаңа үлгісі шығарылады. Өндіруші компания құрылғы халықаралық стандарттың барлық талаптарына сәйкес келетіндігін айтып отыр. Яғни, мониторы мен дисплейі бар шетелдік брендтердің баламасы болады. Осылайша, стационарлық аппараттарды импортпен алмастыру мәселесі шешіледі.

РКС: Ковид-19 сырқатымен ауырғандардың саны өсе бастағаннан кейін, өкпені жасанды жолмен желдету құрылғыларына сұраныс артты. Бұл қажеттілікті республикадағы жалғыз кәсіпорын – "Тыныс" акционерлік  қоғамының ғана орындауға мүмкіндігі болды. Карантин кезінде олар өндіріс көлемін ондаған есеге арттырды. Егер кәсіпорын бұрын жылына 70 құрылғы жасап шығарса, соңғы 2,5 айда – 700-ден астам аппарат құрастырған. Қазіргі уақытта "Көкшетау-4П" деп аталатын танымал аппаратын қайта жаңғыртуға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мамандар жинақтаушы бөлшектерін жаңа үлгіге алмастыруды көздеп отыр.  Ал, аппараттарды стационарлық жағдайда қолдану үшін оның функцияларын кеңейтпек.

СНХ:  ҚАЙРАТ ҚАЛМАНБАЕВ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ///Бүгінгі күні науқастардың жағдайын бақылау мүмкіндігін арттыру үшін жаңа элементтік базада  заманауи үлгісін шығаруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Үндістанмен келісім бар. Алдағы уақытта бір бөлігін біз, бір бөлігін олар жасайды. Сөйтіп, бірлесе отырып, Қазақстанда ғана емес, сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілетті құрылғы шығармақшымыз. Жұмыстың техникалық бөлігіне қатысты жұмысты аяқтадық. Үндістандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келісімін алды. Клиникалық сынақтардан өтті және жақында бізге бірінші жобалық нұсқада келеді. Білім министрлігінің келісімі бойынша зауыт біздің елімізде клиникалық сынақтарды өткізуге талпынып отыр. Оны Қазақстанда сертификаттаудан өткіземіз. Егер ол мақұлданған жағдайда, біз портативті және стационарлық аппараттардың түпкі нұсқасын әзірлейміз.

РКС: Яғни, егер еліміздің портативті  аппараттарға деген сұранысын Көкшетаудағы зауыт жауып отырса, стационарлық құрылғыларға қатысты мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Әзірге Қазақстан импорттық өнімдерді сатып алуға және оған артық ақша төлеуге мәжбүр. Жарты жыл ішінде кәсіпорын бұл мәселені шешуге мүдделі.

СНХ: АЛЕКСАНДР ШАВРИН, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ТЕХНОЛОГЫ// Біз құрылғыларды бірнеше нұсқада жасағымыз келеді. Бірінші  нұсқа мобильді аппарат болады. Яғни, қазіргізаманғы электрондық базада, монитор арқылы компьютердің көмегімен сырқаттың жағдайын бақылауға болады. Бұл құрылғылардың басты артықшылығы-жинақталған әлемдік тәжірибелерді есепке ала отырып, құрастырылады. Және барынша әлемдік аналогтарға жақындатуды көздемекшіміз. Сәйкесінше, мұндай құрылғылардың бағасы да біршама төмен болады.

РКС: Өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарының басым бөлігі Көкшетау зауытында өндіріледі. Яғни, қазақстандық, оның ішінде Ақмола өңірінің үлесі 92 процентті құрайды. Медициналық маскалар, түтіктер – Балтық жағалауы елдерінен, қысым өлшегіш бөлшек көрші Ресейден әкелінеді. Олардың үлесі – 8 процент қана. Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі арқылы Тәжікстанға 100 дана экспорттауға қатысты мәселе қарастырылуда.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...