ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

17:16, 22 маусым 2022

ДК: Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өңірдегі білім мекемелерінің басшыларымен жиын өткізді. Кездесуде білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, министр оқу орнындағы «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған заманауи құрал-жабдықтардың жұмысымен танысты.  

РКС: «Жас маман» жобасының мақсаты сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңғырту. Сондай-ақ, білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжрибесін енгізу. Көкшетау жоғары техникалық колледжіне 2020 жылы заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға републикалық бюджеттен 501 млн теңге, жергілікті бюджеттен 25 млн теңге қаражат бөлінген. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов колледж студенттерімен жүздесіп, жаңа құрылғылардың жұмысымен де танысты.

 

ИНТЕРШУМ: студенттің құрылғымен таныстыруынан үзінді

 

РКС: Ақмола облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары, білім бөлімдерінің жетекшілері министрмен ашық диалог орнатты. Жиын барысында облыстық білім басқармасының жетекшісі Бейбіт Жүсіпов өңірдегі білім саласы бойынша ақпар берді.

 

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Облыстық білім беру жүйесі 5 бағытта жұмыс істейді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі 606 ұйымда 36800-ден астам бала тәрбиеленіп жатыр. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 85,1 процент. Ағымдағы жылы 1240 орын құру жоспарлануда. Оның ішінде 1050 орын мектепке дейінгі ұйымдарға, 190 орын 7 жыл істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымды кеңейтуге және 10 балабақшаны бөбекжайға ауыстыру.

 

РКС: Аймақтағы білім беру саласында мәселелер де жоқ емес. Облыс бойынша 7 мектеп әлі күнге дейін 3 ауысымда жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, шағын жинақталған балабақшаларда  мемлекеттік тапсырысқа бөлінетін қаржы тапшылығы. Осы мәселелерді назарға алған министр ұсыныстардың барлығы ескерілтінін,  белгілі бір шешімге ку үшін бірлесіп жұмыс жүргізілетінін айтты.

 

СНХ: АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Президент тапсырмасының шеңберінде барлық аймақтарда осындай кездесу ұйымдастырып жүрміз. Әрине бұл жергілікті тұрғындар үшін де тиімді, өйткені жергілікті сұрақтарды бір жағынан көтерсе, екінші жағынан жүйелі республикалық деңгейде шешетін сұрақтарды да көтеріп жатыр. Сондықтан осы мәселе бойынша әрі қарай біз жұмыс істейміз. Кейбір мәселелер жергілікті әкімдікте шешілетін сұрақтар, оларды да шешілуін қадағалап, тиісті шешім қабылданғанға дейін оны қарап отырамыз. Ал республикалық деңгейде шешілетін мәселелер әрине ол біздің құзыретімізде. Ол бойынша тиісті жұмысты жүргізетін боламыз.

 

РКС: Жиын соңында Асхат Аймағамбетов республика бойынша білім ошақтарында мектеп оқушыларының бірыңғай біркелкі киім үлгісі бекітілмек. Бұл барлық ата-аналарға қолтеімді болуы үшін жасалатын шара,-деді министр.  

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ  ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
19:25, 27 маусым 2022
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ  ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
19:09, 27 маусым 2022
2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
17:45, 24 маусым 2022
ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Толығырақ...
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
21:09, 21 маусым 2022
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...