ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ОҚУ ОРНЫ ТОЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕДІ

20:28, 22 шілде 2021

 

ДК: Жоғары оқу орындары үшін мамандарды даярлау сапасы профессорлық-оқытушылық құрамның бірінші кезектегі міндеті. Ол Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқу-әдістемелік қызметінде Болон процесінің қағидаттары негізге алынады. Бағыттар бойынша лицензияларды қайтаруға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бакалавры, «Әлеуметтік жұмыс» бакалавриаты мен магистратурасы бойынша лицензияға қосымшаларды қайтару жүзеге асырылды. Сондай-ақ, жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді.  

РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде барлығы 6661 студент білім алады. Олардың сапалық құрамы бойынша күндізгі оқу форматындағы Алтын белгі иегерлерінің үлесі 6,7 процент. 314 шетелдік білім алып жатыр. Биылғы оқу жылында университетті 1600-ден астам бакалавр, 111 магистр тәмамдады. Айта кету керек, алғашқы рет түлектер университеттің өз үлгісіндегі дипломын алды. Оның ішінде 202 студент үздік дипломмен аяқтады. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы – 410 адам. Ғылыми дәрежелі оқытушылардың үлесі – 34 процент.

СНХ: САНСЫЗБАЙ МЕМЕШОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Кадрлық құрамды нығайту үшін кешенді шаралар қолданылуда. Бұл дарынды жастарды ғылыми-педагогикалық қызметке тарту және республиканың және шетелдің жетекші ғалымдарын шақыру.+скл+Дублиндік дескрипторларға; ұлттық біліктілік шеңберіне; кәсіптік стандарттарға; жаңа кәсіптер атласына; жұмыс берушілердің, студенттер мен түлектердің пікірін ескере отырып; білім беру бағдарламалары топтарының кластарына сәйкес пәнаралық және құзыреттілік тәсіл негізінде модульдік білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

РКС: Көптілділікті дамыту мақсатында 10 Білім беру бағдарламасы үш тілде және 5 бағдарлама ағылшын тілінде жүргізіледі. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен бірлесіп жасалады және өндірісте тәжірибелі мамандар практикалық сабақтар жүргізуі де басты назарда. 

СНХ: САНСЫЗБАЙ МЕМЕШОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: 2020 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы рейтингінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті  28 білім беру бағдарламаларын ұсынды, олардың 19-ы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келетін алғашқы ондыққа кірді. Рейтинг нәтижелері бойынша: Биология білім бағдарламасы 1 орын; Психология 2 орын; Топырақтану және агрохимия 3 орынды иеленді.

РКС: Оқу орны практикаға қатысты кәсіпорындармен ынтымақтастықты жақсарту мақсатында меморандумдар құрған. Түлектерді жұмыспен қамту бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 79,1 процентті құраған. Жалпы айтқанда, оқу орнының барлық көрсеткіші толық аттестаттау талаптарына сәйкес келеді.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...