
ДИКТОР: Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты оқу орындарында үшінші тоқсан 1 аптаға кешігіп басталған болатын. Одан қалды, өңір коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» еніп, оқушы саны көп мектептер тағы онлайн форматқа ауысты. Бұл жағдай білім сапасына қалай әсер етіп жатыр? Әріптесім Фариза Асылбекованың материалында толығырақ.
РКС: Қазіргі таңда, облыс орталығында 27 жалпы білім беретін мектеп бар. Онда 30 мыңға жуық оқушы білім алады. Өңірде орын алған жағдайға байланысты оқушылар саны 600ден көп мектептер онлайн форматқа көшуге мәжбүр болды. Ал, тәрбиеленушілер саны 600ден аспайтын қала және ауылдық мектептер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Онлайн оқыту білім сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды,-дейді мамандар. Сәйкесінше, мұғалімдер оқушылармен тығыз байланыс орнатып, біліктіліктерін арттыруда.
СНХ: ГҮЛІМ ӘБІШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бірінші жартыжылдық бойы қашықтықтан оқыту кезіндегі жіберілген олқылықтарды жою бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілді. Әр пән мұғалімі алдында отырған оқушылармен тығыз байланыста болды. Бұл жұмыс күнделікті іске асырылып отырды.
РКС: Осылай деген мамандар алдағы уақытта білім сапасы жақсарады деген ниетте. Жалпы, қаланың барлық мектептерінде 1-5 сыныптар санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде білім алуда. 6-11 сыныптар қашықтан оқыту форматына көшірілді.
СНХ: ГҮЛІМ ӘБІШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бас санитардың қаулысына сәйкес, мектеп әкімшілігінің шешімімен вакцинациялаудың толық курсын алған оқушылар штаттық форматта оқытуға жол берілген. Қазіргі таңда, қала мектептерінде 204 оқушы вакцина алды. Оның ішінде 32 оқушы ата-аналарының өтініші бойыфнша штаттық форматта, яғни, мектепке келіп білім алуда.
РКС: Білім бөлімі мамандарының айтуларынша, ата-аналардың көбі балаларға екпе салуға қарсы. Дегенмен, ақ халаттылар мен ұстаздар жиі кездесу ұйымдастырып, екпенің пайдасын түсіндіруге тырысып бағуда.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДИДАР ӨМІРЗАҚ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»