ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚҰМЫРА ЖАСАУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

20:06, 26 қазан 2021

ДИКТОР:  Тәуелсіздіктің арқасында көне құндылықтар қайта оралды. Көкшетаудағы «Болашақ сарайында» құмыра жасау өнеріне баулитын үйірме жұмысы жанданып келеді. Балалардың көне кәсіпке деген қызығушылығы жоғары көрінеді.

СТЭНД-АП: АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: Құмырашылық - көнеден келе жатқан кәсіптің бір түрі. Атам заманнан бері келе жатқан қыш құмыралар қазақ даласындағы археологиялық қазба жұмыстарынан көптеп табылғаны белгілі. Болашақ сарайында осындай құмыра жасау курсы бар екен. Курста 40-қа жуық оқушы тәлім алып жатыр. 8-18 жасқа дейінгі балалар ыдыс, құмыра жасап үйренеді. Ұстаздың айтуынша, құмыра жасау технологиясы оңай емес. Дегенмен, балалардың психологиялық қабілеттерін + жетілдіріп, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді.  + Бізде бар шамамызша құмыра пішінін жасауға тырыстық.

СНХ: ЕРЖАН МҮСІПОВ,  ҚҰМЫРА ЖАСАУ ӨНЕРІ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Қазіргі заманда арт-терапия деген бағыт бар. Сонда құмырашылық кеңінен қолданылады. Ең біріншіден, ол баланың маторикасын дамытады. Сосын бізге келген  шектен тыс белсенді, отыра алмайтын балалар сабырға, отыруға үйренеді. +03:04 Шығармашылық қабілеттерін арттырады. Бұрын ермексазбен жасаған жұмыстарын қайтадан балшықпен жасап шығарамыз. Сосын оны күйдіреміз. Ермексазбен жасалған жұмыстар көпке сақталмайды.

РКС: Жұмысқа кіріспес бұрын балшықты жақсылап илеу керек.  Иіні қанбаған жағдайда ыдыс шытынауы мүмкін екен. Құмыра жасауға керекті құрылғылар Жапонияда өндіріліпті. Электронды пешпен 1200 градусқа дейін күйдіруге болады.  Балшықтың өзі арнайы зауыттан әкелінеді. Экологиялық таза өнімдер кез келген пластикалық ойыншықтың орнын алмастыратыны анық.

СНХ: НҰРША ҚАБЕШ, ОҚУШЫ: Маған ұнайды.  Мұнда қызықты. Жаздан бері қатысып жүрмін. + Мысық сияқты кесені істедім. Және балық істедім.

РКС: Оқушылардың қолынан шыққан бұйымдар көрмеге қойылады. Алда қолөнер сайыстарына да жібереміз, - дейді жетекші.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ВАСИЛИЙ БЕРЕЖНИКОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...