ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

22:05, 13 қазан 2021

Жүргізуші: Қылмыстық кодекстің он үш бабынан өлім жазасы алынып тасталады.  Бүгін Мәжіліс тиісті өзгерістер енгізілген заңды қабылдады. Қазақстанда өлім жазасына 2003 жылы желтоқсанда мораторий енгізілген болатын. Бұл шешім өлім жазасын толық жойған кезге дейін қолданылады. Биыл жыл басында өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге екінші  факультативтік хаттама ратификацияланған. Хаттама өлім жазасын жою үшін қажетті шаралар қабылдауға міндеттейді, бірақ ескерту жасалған жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстан осыны пайдаланып, ратификациялау кезінде тиісті ескерту жасады. Яғни, қылмыстық кодекстің 13 бабынан өлім жазасын алып тастап, тек 4 бабында ғана қалдырды. Енді Қазақстанда  өлім жазасы соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады. Бүгін Бас прокуратура әзірлеген заң жобасы Мәжілісте бірінше оқылымда мақұлданды. 

СНХ:  ӘСЕТ ШЫНДАЛИЕВ ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар ретінде өлім жазасын қолдану шектері бекітіледі.Қылмыстық кодекстің төрт бабында осы жаза сақталады. Атап айтсақ, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы аса ауыр қылмыстар.  Бұл қылмыстар соғыс әрекеттерімен байланысты болуы тиіс және соғыс кезінде жасалуы қажет.

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...