ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

«ОМИКРОН» ШТАММЫ - ЖАҢА ҚАУІП!

19:46, 30 қараша 2021

ДИКТОР:Ақмола облысында эпидахуал соңғы 21 күн бойы тұрақты. Сары аймақтамыз.  Дегенмен 19 ауданның 8-і қауіптің «қызыл аумағында» қалып отыр.Бұл тізімдеСтепногорск қаласы, Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Есіл, Сандықтау, Шортанды аудандары бар.

РКС: Бүгінгі таңда ковид-19 вирусынан 377 пациент ем алып жүр. Оның  345-сі стационарда жатыр. 34-і жансақтау бөлімінде. Ауруханадағы төсектің 41 проценті бос емес.Өткен тәуліктің өзінде 75 тұрғыннан инфекция анықталған.  Оның  31-і зейнеткер, 8-і мектеп оқушысы.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: Вакцинация басталғалы бірінші компонентпен 307 мың 827 адам егілді. Бұл екпе алуға жататын халықтың 64, 3 проценті. Ал екінші компонеттін азаматтардың  60,6 процент алды. бұл алуға міндетті халықтың 36,5 проценті ғана. Өздеріңіз білесіздер, қіндетке қарсы қоғамдық имунитет қалыптастыру үшін 60 проценті вакцинаның толық курсынан өту керек.

РКС: 29 қарашадан бері  «Pfizer» вакцинасын 618 адам алды. 10-ы жүкті әйел, 110-ы бала емізетін ана. 498-і жасөспірім. Ал ревакцинация басталған 8 күнде 214 адам ерікті түрде келіп, екпе салғызған.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ:  Өткен аптада дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Омикрон» жаңа штаммының шыққанын айтты. бұл басқа штаммдарға қарағанда әлдеқайда жұқпалы әрі 20-30 жас аралығындағы азаматтарға ауыр тиеді. Және бұрын ауырып қайта тұрған азаматтарға жұғуға бейіл.Сондықтан еліміз осы штамм таралған Африканың бірқатар елдеріне 3 желтоқсаннан бастап кіріп-шығуды шектейді.  Бұл қатарда отандастарымыз жиі саяхаттайтын Егитпет елі де бар.

РКС:  Енді «Омикрон» штаммы анықталған елге барып келген азаматтар 7 күн бойы үй карантинінде болады. Әрі вакцина алған алмағанына қарамастан ПТР-тестін тапсыруға мәжбүр. Өйткені вирустың бұл жаңа штаммының зардабы ауыр болуы мүмкін.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...