ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

20:15, 24 қараша 2021

ДИКТОР: Ел Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде экология саласында аз жұмыс атқарылған жоқ. Жаңа кодекс қабылданып, кәсіпорындардың жұмысы ерекше бақылауға алынды. Басты мақсат – қоршаған ортаға орасан зор нұқсан келтіретін зиянды заттардың мөлшерін азайту.

РКС: Өндірістік кәсіпорындардың жұмысынан атмосфераға шаң, газ және басқа да зиянды заттар тарайды. Экология департаментінің мамандары оны әрдайым бақылауда ұстауға тырысады. Ауаны ластайтын қалдықтардың мөлшерін анықтап, зертханалық сынақтар жүргізеді.  

СНХ: МАРАТ ШЛЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ: Наша деятельность строится на  проведение лабораторного исследования. На соблюдение требование экологического требование. Вся наша деятельность направлена на создании условии для экологической безопасности жители Акмолинской области. Наша лаборатория ежегодна укрепляется. Сейчас мы проводим  28 показателей определяем по сточной воде. 33 показателей по природной воде. Так же мы провели 5 показателей по источников загрязнение атмосферы. В текущем 21 году нами были обследованы 21 предприятие///Біздің жұмысымыз  зертханалық зерттеулер жүргізуге негізделген. Экологиялық талаптардың сақталуын бақылауда ұстаймыз. Біз облыс тұрғындарының экологиялық қауіпсіздік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмысымызды ешқашан тоқтатқан емеспіз. Қазір біз ағынды су бойынша 28 , табиғи суға қатысты 33, сондай-ақ атмосфераны ластау көздері бойынша 5 зертханалық сынақ жүргізіп жатырмыз. Осы жылы 21 кәсіпорынды зерттедік. Экологиялық нормалар мен талаптарды бұзған 9 кәсіпорын анықталды.

РКС: Биыл елімізде жаңа экологиялық кодекс қабылданды. Бұл заңнамада атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластану мәселелерін шешу жақтары қарастырылған. Өнеркәсіп саласы түрлі санатқа бөлінеді. Алайда олар өндірістік нысандардың санитарлық жіктелуіне бұрынғыдай тәуелді болмайды.

СНХ: АЙНҰР БӘЖІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Расскажем о изменении. У нас ранее были 4 категории и сейчас остались те же самые  4 категории. Но если ранее они были связаны с санитарно классификацией объектов, то сейчас не так.  Критерии, на основании которых объектам присваивается I, II или III категория, закреплены в приложении 2 к новому кодексу. Объектам, не соответствующим указанным критериям, присваивается 4 категория.////Жаңа кодекстегі өзгерістерге келетін болсақ. Бізде әрдайым 4 категория болатын, қазір де сол 4 санат қалып отыр. Алайда, бүгінгі күні олар  санитарлық жіктелуге тәуелді емес. Нысандарға 1, 2 немесе 3 санат берілуі үшін бекітілген шарттар  жаңа кодекстің 2-қосымшасында көрсетілген. Ал критерийлерге сәйкес келмейтін нысандарға 4 санат беріледі.

РКС: Сондай-ақ қазіргі уақытта мемлекет экология мәселелерінде заңсыздықтарға жол бергендерге қатысты әкімшілік жазалаудың санын азайту көзделген. Осылайша, негізінен  профилактикалық шараларды қолдануды іс жүзінде көбірек пайдалануды мақсат етіп отыр.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...