ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

ӨНЕРДЕ ШЕКАРА ДА, ШЕКТЕУ ДЕ ЖОҚ...

13:40, 11 қаңтар 2021

ДК: Көкшетау қаласында «Diamond» заманауи би орталығы құрылды. Қауіпті індеттің белең алған шағындағы карантиндік шектеулер өнер-білімге деген талпынысқа шектеу емес. Дәл осындай мақсатта құрылған орталық бүгінде қарқынды жұмыс істеп жатыр. Орталық тәрбиеленушілерінің саны күн санап өсіп келеді. Олардың құрамында демалыс уақытын ұтымды пайдалана білген оқушылар да бар.

РКС: Ирида Русланқызы 10 жылдан астам би өнерінің қыр-сырын меңгеріп келеді. Қазір ол өзі де шәкірт тәрбиелеп отыр. Жоғары оқу орындарының бірінде құрылған «Сымбат», «Ару», «Палитра» би ансамбльдеріне жетекшілік етеді. Әлемді жайлаған індетке байланысты студенттердің қашықтан оқуға көшуі біраз қиындық туғызды. Осыған орай, қосымша табыс көзі ретінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған ансамбль құруға шешім қабылдайды.

СНХ: ИРИДА ТІЛЕУБАЕВА, «DIAMOND» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Мұндай үйірме ашуымның мақсаты – балаларды ашық болуға үйрету, заманауи биге тарту, оның бірнеше түрін меңгерту. Вок, хип-хоп, шаффл сияқты түрлі бағыттағы билерді үйретемін. Әлі балалар сәл тұйықтау, ашыла қойған жоқ. Мектепке дейінгі балалар кішкене ұялшақтау келеді ғой. Оларды неғұрлым ашық болуға, ішкі дүниесін көрсете білуге, импровизацияға үйрету үшін бағытталған.

РКС: Үйірмеде жас ерекшеліктеріне қарай 3 топ жасақталған. Санитарлық нормаға сай, әр құрамада 15 баладан. Орталыққа алдын ала жазылу арқылы ғана келе алады. Сабақ барысында мойынға, арқа сүйегіне пайдалы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуы үшін түрлі жаттығулар жасалады.

СНХ: АЙЛИН КУЧУМОВА, «DIAMOND» БИ АНСАМБЛІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ///қаз///«Мейірім төгіп балаға, Білім қуып санаға, Жақсылыққа жетелер, Ирида Руслановнаға мың алғыс. Балалар бар өнерлі, Апайлар бар сыпайы, Би билейміз мың бұралып, Жарқырап біз жұлдыздай». Мен ансамбль «Diamond»-та өз өнерімді шыңдап, әртүрлі билерді үйреніп жүрмін. Көптеген достарым да бар. Би үйірмесіне қатысып жүргеніме өте қуаныштымын. 

СНХ: ЛИЗА ГРИЧКА, «DIAMOND» БИ АНСАМБЛІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ///ДЛЯ РУСС.РЕДАКЦИИ///

РКС: Қазіргі таңда орталық тәрбиеленушілері би өнерінің алғашқы әліппесін үйреніп жатыр. Болашақта үлкен сахналарда жарқ етіп өнер көрсетсек деген армандары да жоқ емес.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
15:04, 5 наурыз 2021
ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
Толығырақ...
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
15:02, 5 наурыз 2021
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
17:48, 26 ақпан 2021
МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...