ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

ӨНЕРГЕ ШЕКТЕУ ЖОҚ

20:41, 19 ақпан 2021

ДК: Өңірде өткен жылы мәдениет саласы бойынша 3 миллионға жуық іс-шара өткізілді. Оған 5 миллионнан астам адам қатысқан. Елдегі төтенше жағдайға байланысты сала қызметкерлері халыққа моральдық және рухани қолдау көрсетіп келеді. «Біз біргеміз», «Үйде болыңыз», «Дәрігерге алғыс айту», «Жақыныңа жанашыр бол» хэштегтерімен және мемлекет қабылдаған шараларды қолдау бағытындағы челлендждерге белсене қатысты.  

РКС: Қауіпті індеттің орын алуына байланысты облыс бойынша мәдени шараларға да шектеулер қойылды. Дегенмен өнер саласының мамандары қол қусырып қарап отырған жоқ. Сөйтіп, былтыр 28 мыңнан астам оффлайн іс-шара өткізілді. Жаһандық өзгерістерге қарамастан өңір өнерпаздары халықаралық байқаулардың жүлделі орындарын да еншілеген.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///қаз///4:17 Жалпы, облыстың өнерпаздары Ресей, Түркия, Испания, Қазақстанның 13 республикалық және 6 халықаралық онлайн-байқауларына қатысты. Ақмола облысының 42 солисі мен 14 көркемөнерпаздар ұжымы халықаралық конкурстардың лауреаттары атанды. 15-і Гран-при және 27-і жүлделі бірінші, екінші орындарға ие болды.

РКС: Мәдениет саласын қаржыландыруға өткен жылы  8,7 миллиард теңге бағытталған. Бұл көрсеткіш  2019 жылмен салыстырғанда 1 миллиард теңгеге артық. "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында 676,3 миллион теңгеге 3 жоба іске қосылды. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,5 миллиард теңгенің 57 жобасы жүзеге асыврылған. Игілікті жобаның нәтижесінде 507 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай өңірде  Абай атындағы әдеби 3  орталық ашылды.  Облыстағы кітапханалардағы кітап қоры да толыға түсті.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///қаз/// Еліміздегі жарияланған карантиндік шараларға сәйкес жаңа форматтағы «Байланыссыз кітап жеткізу» жобасымен халыққа кітап жеткізуге Степногорск, Көкшетау, Сандықтау, Зеренді, Ақкөл, Целиноград, Бурабай, Аршалы, Біржан сал, Егіндікөл аудандары белсенді атсалысты.+скл+25 коворкинг-орталық жұмыс істейді, олардың саны 11-ге артты.

РКС: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жыл соңына дейін 500-ге тарта  іс-шара өткізіледі деп жоспарланып отыр. Басқарма жетекшісі қазақтың біртуарларының мерейтойлары да тиісті деңгейде тойланатынын да тілге тиек етті. Өңірдегі бірқатар мекемелердің де биыл мерейтойлары. Облыстық филармония мен кітапхана 75, Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры ширек ғасырлық мерейтойын атап өтпек. Биыл мәдениет саласын қаржыландыруға 7,3 миллиард теңге қарастырылған. Оның 400 миллион теңгеден астамы өңірдегі жөндеуді қажет ететін мәдени ошақтарды жаңартуға жұмсалмақ.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...