ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ӨҢІР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

21:49, 23 қараша 2021

ДК: Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыды. Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге бейімделе бастаған еліміздің ауыл шаруашылығы саласы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты. Ауданда 1999 жылдан бері асыл тұқымды мал басының да көбеюі байқалып отыр.

РКС: Мал шаруашылығы - облыстың экономикалық көрсеткішін арттырудың басым бағыттарының бірі. Бүгінде Астрахан ауданында 70-ке жуық серіктестік пен 187 шаруа қожалығы бар.  Сонымен қатар, жыл сайынғы статистикаға сүйенсек, барлық түрдегі мал басының өсімі байқалады.

СНХ: НҰРЛАН ЖАҢАБЕКОВ, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Жыл сайын жаңа шаруашылықтар құрылып, ауыл шаруашылығы саласының аясы кеңейіп келеді. Ағымдағы жылы 30 миллион теңгеге жалпы 712 бас мал басы бар 8 етті және 10 миллион  теңгеге 100 бас 2 сүт-тауарлы фермасы құрылды.

РКС: Қуаңшылыққа қарамастан дәнді дақылдардың шығымдылығы гектарына 10 центнерді құрады.  Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және топырақ құнарлығын сақтау мақсатында аудан шаруашылықтарымен 1 млрд 751 млн теңгеге тыңайтқыш сатып алынған.

СНХ: НҰРЛАН ЖАҢАБЕКОВ, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Биылғы жылы 362,2 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдары егілді. Оның ішінде 353,2 мың гектар алқапқа бидай, 24,7 мың гектарға арпа , сұлы – 1000 га, жасымық – 3420 га, бұршақ – 684 га, майлы дақылдар 7,9 мың га алқапты қамтиды. Аудан бойынша барлығы – 30566,2 га шабындық, жалпы жайылым – 128 470,1 га жерді алып жатыр..

РКС: Аграрлық сектордың даму деңгейі әлеуметтік жағдайға әсерін тигізген. Ауыл шаруашылығындағы әлеуетті жобалардың арқасында шаруа қожалықтарының да жағдайы біршама жақсарған. Машина-трактор паркін заманауи құрал-жабдықтармен жаңарту бойынша шаралар қабылданып, өнімділігі жоғары техника алуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері 4 млрд 638 млн теңгеге 228 ауыл шаруашылығы техникасы атып алынған.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЙНҰР КӘРІМОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...