
ДИКТОР: Өңір оқушылары «Iqanat» олимпиадасының соңғы кезеңіне қатысу үшін елордаға аттанды. Үш күнге жалғасатын сайыста 70-ке жуық оқушы облыс намысын қорғайды.
РКС: «IQanat» олимпиадасы-ауыл мектептерінде оқитын оқушылар үшін зор мүмкіндік. Онда ешқандай күрделі тапсырмалар қарастырылмаған. Алайда, талап қатаң болды. Мықтылар екі кезеңде іріктелді.
СНХ: МАРИНА ДУДАРЕВА, «IQANAT» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Соңғы үш жылда «Iqanat» олимпиадасына 7 мыңнан астам оқушы қатысты. Бұл барлығына берілген мүмкіндік. Яғни, сайысқа ауыл мектептерінде оқитын кез-келген бала қатыса алды. Осы жылы да қатысқандар аз емес. Алайда, республикалық деңгейдегі олимпиадаға өту оңай болған жоқ. Барлығын іріктеп алдық. Жалпы, республикалық деңгейде өтетін бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 700-ден астамм оқушы қатысты.
РКС: Жанболат Сұлтанәлі сайысқа Зеренді ауданы Ортақ ауылынан келген. Ол сайыстың екі турынан сәтті өтіп, тіпті, жиналған балл бойынша үздіктер қатарына да кірген. Оқушы енді республикалық деңгейде бақ сынап, өз білімімді дәлелдеймін,-дейді.
СНХ: ЖАНБОЛАТ СҰЛТАНӘЛІ, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (ЗЕРЕНДІ) ///қазақша/// Сұрақтар қиын емес. Мен көп дайындалдым. Сондықтан да, маған қиын болған жоқ. Алдағы республикалық жарыстан да сүрінбей өтемін деген ойдамын. Мен математика пәні бойынша сынға түсемін.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»