ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ӨҢІР СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ҚОЛА МЕДАЛЬ

20:14, 26 шілде 2021

 

ДИКТОР: Еркін күрестен Будапеште өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Ерхан Бексұлтанов қола медальға қол жеткізді. Жеңістің байрағын желбіретіп, жерлестерін қуанышқа бөлеген Ерхан балуанды жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

РКС: Ерхан Бексұлтанов еркін күреспен 9 жылға жуық айналысып келеді. Әлемдік додада 71 кг салмақта өнер көрсеткен. Әр елден сайдың тасындай іріктеліп келген спортшылармен бәсекеге түсу оңай болмады,-дейді жерлесіміз.

СНХ: ЕРХАН БЕКСҰЛТАНОВ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Төрт қарсыласым да оңай түскен жоқ. Бәріне настроймен дайындалып шықтық. Оған біз алдын ала сбордан өттік дайындалдық Алматыда. Біздің мақсатымыз чемпион болу еді. Бірақ үшінші орынға ие болдық.

РКС: Боз кілемде белдесуге шәкірті шыққанда кез келген бапкер тақымын қысып, соның тілеуін тілейді.

СНХ: ОЛЖАС ӘШІМОВ, ЕРХАННЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Шәкіртім осындай нәтижеге жеткеніне қуаныштымын. Енді біздің алдағы мақсатымыз олимпиадада, әлем чемпионатында жеңімпаз болу. Соған тырысып, соған жұмыс істеу керек.

СНХ: БЕКСҰЛТАН ЕСКЕНДІРОВ, ЕРХАННЫҢ АТАСЫ: Мен естігенде бірінші күресін көріп, сосын ең ақырғы күрескенде мен шығып кеттім далаға шыдай алмай. Сосын үйге келсем балалар бәрі қуанып жатыр екен. Менің жүрегім жарылып кете жаздады қуанғаннан.

РКС: Айта кетейік, айтулы додада 30-ға жуық мемлекеттен 200-ден астам спортшысы бақ сынаған.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...