
ДК: Биыл Ақмола облысында әлеуметтік 18 нысан мен 19 тұрғын үй пайдалануға берілді. Білім саласына ерекше көңіл бөлінеді. 2023 жылға дейін облыстық маңызы бар қалаларда жаңа 4 мектептің құрылысын аяқтау қажет.
РКС: Биыл 19 тұрғын үй пайдалануға берілді. 700-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады. «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша Көкшетау, Макинск, Ақкөл және Ерейментау қалаларында 5 қабатты 204 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2022 жылы 2,5 мыңнан астам жаңа пәтер салу жоспарлануда. Оның 1600-і жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс.
СНХ: АЙЫМ ЫСҚАКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 2022 жылы жалпы ауданы 158 мың шаршы метр болатын 55 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.Биыл 36 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
РКС: Жаңа тұрғын үйлердің құрылысы өңірдің барлық қалалары мен аудан орталықтарын қамтиды. Әлеуметтік сала жаңа құрылыс нысандарымен толықтырылады деп күтілуде. Олардың ішіндегі ең ірілері-Қосшы қаласындағы 3 мектеп және облыс орталығындағы 1 мектеп.
СНХ: НИЯЗ БАЙҒОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: 2022 жылға 33 құрылыс нысанын іске асыру жоспарланған. 2022 жылға Ақмола облысының бюджеті 8,7 млрд. теңгені құрайды. 2021 жылға 15 млрд.теңге жоспарланған, оның 100% игерілді.
РКС: Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы өңірде мектеп, Целиноград ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені және дәрігерлік амбулатория, Көкшетау қаласындағы №1 мектепке жапсарлас ірі нысандар пайдалануға берілген болатын.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ , КӨКШЕ АҚПАРАТ