ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ӨҢІРДЕ АЛТЫН ӨНДІРІСІ ҰЛҒАЙДЫ

18:53, 16 қараша 2021

ДК: Облыс инвестициясының 15 проценті Степногорск қаласының үлесінде. Бүгінде шаһарға тартылған инвестиция көлемі 58 млрд. теңгеге жеткен. Алтынды өлке тау-кен өндірісін жандандырып жатыр.Биыл қаладағы орташа жалақы 18 процентке өсіп, 219 мың теңгеге жеткен. Нәтижесінде 1200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген.

РКС:Елді жайлаған індет бірқатар салаға кері әсер етті. Әсіресе, ірі компаниялардың қолын жіпсіз байлады. Пандемияның салқыны былтыр Степногорск қаласындағы алтын зауыттарына да тиді. Өнім көлемі құлдырады. Бірақ, биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай өскен. Оған Ақсу кентінде салынған қымбат металл өндіретін жаңа фабриканың ашылуы себеп болған. Алып кәсіпорын жылына 5 млн.тонна шикізатты қайта өңдеп, 1 тонна алтын шығаруға қауқарлы. Инвестициялық жоба қала экономикасына оң  серпіліс берді.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Перспективалы инвестициялық жобаларды іске асырудың және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тұрақты жұмысының арқасында ағымдағы жылы өнеркәсіп өндірісінің оң өсу қарқынын сақтау және шамамен 200 млрд.теңге тауарлық өнім алу жоспарланып отыр.Есепті кезеңде қала экономикасына инвестицияға 58,6 млрд. теңге жіберілді. Степногорск өңірінің тау-кен өндіру саласында ірі ауқымды жобаларды іске асыруға байланысты ең үлкен үлес «Алтыналмас» компаниясының еншілес кәсіпорындары – «Ақсу Technology» серіктестігі - 37,5 млрд.теңгеге, «Қазақалтын» компаниясы - 15,7 млрд. теңгеге келеді.

РКС:Сонымен қатар, қалада бизнес субьектілерінің саны артты. Бүгінде 3 мыңнан астам бизнес нысаны тіркелген. Яғни, кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 90 процентке дейін өсті. Бұл шамамен 284 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 106 адам оқытылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында 35 шағын несие, 55 грант берілді. +скл+ Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері 42 жәрмеңке өткізілді. Онда 439 млн. теңгеге өнім сатылды. Азық-түлік тауарларын жеткізушілермен  26 меморандум жасалды.

РКС: Айта кетейік, бұған дейін шағын шаһардағы спорт мектебінде орын алған жағдай қалың қарашаны жаға ұстатты. Әлімжеттік жасап, төменгі сыныптың ұлдарын сабап жатқан видео әлеуметтік желілерде желдей ескен еді. Қоғамды дүрліктірген мәселенің мән-жайын әкімнен сұрап-білдік.

ЕСТ.ШУМ:Бұл жағдай әкімдіктің назарында. Тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, мектеп директоры жұмысынан босатылды. Тәртіп бұзған балалар мектептен шығарылды.

РКС:Қаладағы құрылыс та қарқынды. Жыл соңына дейін 45 отбасы қоныс тойын тойламақ ниетте. Баспаналы болатындардың дені әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар екенін атап өткен жөн.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...