ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ӨҢІРДЕ БИООТЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

21:01, 14 маусым 2022

ДИКТОР: Өңірде сабаннан биоотын өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Өнеркәсіпте өндірілетін барлық өнім экспортқа бағытталмақ. Жоба құны 5 миллиард теңгеге бағаланып отыр.   

РКС:  Соңғы 11 жылда елде зығыр дақылдарының егістік көлемі 7 есеге өскен. Алайда, оның саны артқанымен еш пайдасы жоқ. Сабанның бұл түрі көп пайдаланылмайды. Ұзақ шіритін болғандықтан, тыңайтқышқа да жарамсыз. Сондықтан да, ауыл шаруашылығы саласының мамандары оны өртеуге мәжбүр. Салдарынан қоршаған орта мен топырақ ластанып жатыр. Ал өңірде мұндай зауыттың салынуы бір оқпен екі қоянды атуға мүмкіндік бермек. Біріншіден, атмосфераға түсетін зиянды заттардың мөлшері азайса, екіншіден, арзан және сұранысқа ие биоотын өндіріледі.

ИНТЕРШУМ: Капсула салу

СНХ: АЯГӨЗ ӘБДІРАХМАНОВА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:  Мы планируем запустить завод в ноябре этого года. Объем производительности завода – 70 тысяч тонн готовой продукции в год. Продукция экспортоориентированная, есть уже меморандумы поставки на экспорт, подписаны с Данией, Германией, Англией, недавно пришли заявки даже с Японии. /// Біз зауытты қараша айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жылына 70 мың тонна дайын өнім өндірмекпіз. Оны экспортқа шығармақшымыз, қазірдің өзінде Дания, Германия, Англия мемлекеттерімен келісім-шартқа отырдық. Жақында Жапониядан да өтінім келді.

РКС: Зауыт толығымен заманауи технологиялармен жабдықталмақ. Құрал-жабдықтардың басым көпшілігі шетелдерден әкелінуде.  

СНХ:  ЙОАХИМ БЕРМАН, ШЕТЕЛДІК СЕРІКТЕС: Бұл өнім қатты отын түрлеріне балама бола алады. Биотынның бұл түрі атмосфераға да оң әсер етпек. Өйткені, көмір мен ағаштың өзін жаққанда қоршаған ортаға зиян келетіні шындық. Сонымен қатар, шетелде мұндай өнімге сұраныс артып отыр. Сондықтан да, оны экспортқа бағыттауға болады. скл Міне, қазір зауыттың іргетасы қаланды. Енді біз өзіміздің құрал-жабдықтарымызды әкеле бастаймыз. 

РКС:  Арзан, әрі сұранысқа ие биотын өндіретін зауыт салу идеясы осыдан үш жыл бұрын келген. Алайда, оны тез жүзеге асыру мүмкін болмады. Жобаның тиімділігіне көз жеткізу үшін түрлі сынақ жүргізіліп, тіпті, 20 мың тонна өнеркәсіптік үлгі шетелге экспортталған.  

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАРОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...