ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ

20:20, 1 шілде 2022

ДИКТОР: Биыл  республика бойынша эхинококкоз ауруының 350 жағдайы тіркелді. Өңірде де бұл дерт белең ала бастады. Осы жылы инфекция жұқтырудың 8 дерегі анықталып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артық.

РКС: Эхинококкоз барлық жерде кездеседі. Жұқпалы инфекциямен көбіне мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін жандар ауырады. Алайда, бүгінде оны кез-келген адам жұқтыруы мүмкін. Өйткені, ауру қоздырғышы қоршаған ортаға тез таралады әрі төзімді келеді. Ол ауыз су және тағам арқылы адам ішегіне түседі. Содан барып ағзаның ең әлсіз тұсы-бауыр, өкпеге енеді. Кейбір кездері вирус миды, жүректі  зақымдауы мүмкін.

СНХ: ЖАННА САБИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Из 8 случаев 5 из них эхинококкоз печени. В городе Кокшетау и Жаксынском районе зарегистрировано по два случая, по одному случаю в Степногорске, Атбасарском, Есильском и Целиноградском районах. /// Өңірде тіркелген 8 жағдайдың 5-і бауыр, 3-і өкпе эхинококкозы. Инфекцияны жұқтыру деректері Көкшетау қаласы мен Жақсы ауданында 2 жағдайдан анықталса, Степногорск қаласы мен Атбасар, Есіл,Целиноград аудандарында 1 деректен тіркелді. 

РКС: Бауыр, өкпе, және басқа да ішкі органдарға еніп, құрылым түзетін құрттардың әсерінен пайда болатын созылмалы ауру, негізінен, иттерден жұғады. Содан малға, ал оның етінен адамдарға таралуы мүмкін. Сондықтан мамандар үй жануарларын ветеринарларға тұрақты түрде қаратып тұру керек екенін айтады. Инфекция жаз мезгілінде өрши түседі. Көбіне жеке гигиенаның дұрыс сақталмауынан болады.

СНХ: СӘУЛЕ ЖҰМАТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Это длительно храническое заболевание. Выявляется при плановом обследование. Либо если у человека возникают такие жалобы например как давление, чувство тяжести, тогда он делает узи. Там обнаруживают кисти. Либо если у человека эхинококоз легких, то появляется длитльный кашель. Далее он делает обследование и тогда можно обнаружить инфекцию. /// Бұл созылмалы ауру, Оны тек жоспарлы тексеру кезінде ғана анықтауға болады. Кейбір кезде түрлі симптомдар арқылы да анықтауға болады. Мысалы, адамның қан қысымы көтеріледі, ауырлық сезім пайда болады. Сол кезде біз УЗИ жасаймыз. Ал өкпе эхинококкозымен ауыратындарды ұзақ уақыт жөтел қысады. Оны да тексеріс барысында анықтаймыз.

РКС: Эхинококкоз ұзақ емделеді. Оның өзі қиын. Көбі аурудың симптомдарын кеш байқайды. Салдарынан ол асқынып кетуі мүмкін. Хирургиялық жолмен емдеуді қажет ететін жағдайлар да тіркеледі.     

 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар