
ДК: Аймақта эпидемиологиялық ахуал күрделі. Соңғы тәулікте облыста 750 адам коронавирустық инфекция жұқтырған. Аудандардағы жағдайды тілші айтсын.
РКС: Бұланды ауданында эпид ахуал тұрақсыз. Дертке шалдыққандардың саны артқан. Ай басталғалы 242 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде 231-і симптомды, 11-і сипмтомсыз.
СНХ: ДӘМЕТКЕН МҰХАМЕТЖАНОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР: Бұланды ауданында күн өткен сайын науқастар саны артып жатыр. Ауру жұқтыру деңгейі 4,5 есе көбейді. Тұрғындарды санитарлық талаптарды сақтауға, екпе алуға шақырамын.
РКС: Ақкөлде де жағдай мәз емес. Медицина мамандарының айтуынша, дерттің дендеуіне тұрғындардың сақтық шараларына бей-жай қарауы себеп болып отыр
ГЕО: АҚКӨЛ
СНХ: МАРИНА СЕМЕРЕНКО, АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: Жыл басталғалы бері ковид 19 инфекциясын жұқтырғандар саны көбейді. Вирус жұқтыру деңгейі артып жатыр. Аудан бойынша жыл басынан бері 77 адам індетке шалдыққан.
РКС: Облыстың санитарлық қызметінің деректері бойынша, аймақта 29 мыңнан аса адам вакцинаның үшінші дозасын алған. Олардың ішінде QazVac вакцинасын 29414, Sinofarm (Hayat+VeroCell)- 415, Спутник V-ді –77, Corona Vac – 12, Комирнати вакцинасын 37 адам алған.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ