
ДИКТОР: Елде коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандардың саны күрт өсуде. Өткен тәулікте Ақмола облысында 1200 дерек тіркелді. Пандемия басталғалы бері өңірде мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген.
РКС:Бүгінгі күні инфекциялық стационарда 539 пациент ем алып жатыр. Төсек-орын қорынның жүктемесі -45 процент. Індетті жұқтырған 21 науқас жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр жандардың 90 проценті ,яғни, 19-ы ешқандай вакцина алмаған. Ал, қалған екеуі уақытылы ревакцинациядан өтпеген.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: На сегодня эпидемиологическая ситуация по Акмолинской области нестабильно. По анализам мы видим что 63 процента из заболевших это не вакцинированные и впервые заболевшие. Около 30 процента заболели те кто несвоевременно получили ревакцинацию. Повторно заболевшие около 6 процентов. Это порядка 150 человек. ///Бүгінгі күні Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Талдауға сүйенетін болсақ, ауырғандардың 63 проценті ешқандай вакцина алмаған және бұл індетпен бірінші рет ауырған. Ал 30-ға жуық проценті ревакцинациядан өтпеген жандар. 150-ге жуық адам қайтадан ауырған.
РКС:Жалпы, Ақмола облысында 133 егу пункті жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Файзер» вакцинасының бірінші компонентін 5739 , ал екіншісін 3276 адам алған. Сондай-ақ, аталмыш вакцинаны жасөспірімдер , жүкті әйелдер және бала емізетін аналар белсенді алуда.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: Мы провели анализ по вакцинации файзер. У нас больше 3 тысячи подростков были привитыми вакциной Файзер с ноября месяца. Из них заболело только 2 подростка. И то после получения 1 компонента, иммунитет у них не сформировался. Они заболели по контакту в семье. У нас так же заболело 5 кормящих женщин, тоже лёгкое течение . Беременные женщины вакцинированные вакциной Файзер никто не заболела. Это говорит о том что вакцина файзер эффективна.///Біз «Файзер» вакцинасы бойынша талдау жүргіздік.Қараша айынан бастап 3 мыңнан астам жасөспірім осы вакцинаны алған болатын. Солардың ішінен тек 2 жасөспірім ғана ауырып қалды. Оның өзі бұл 2 компонентті алып үлгермегендіктен болды, яғни, олардың имуннитеттері толық қалыптасып үлгермеді. Бала емізетін аналардың бесеуі вирус жұқтырған. Алайда, асқынулар жоқ. Ал, «Файзер» вакцинасыналған жүкті әйелдердің ешқайсысы коронавирус инфекциясын жұқтырмаған. Мұның барлығы бұл екпенің қаншалықты тиімді екенін көрсетеді.
РКС: Елде өткен жылдың қараша айынан ревакцинация басталды. Бұл өңірдегі эпидахуалдың тұрақталуына біршама ықпал етпек.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»