ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ІРІ 12 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

19:55, 7 шілде 2021

 

ДК: Өңірде өткен аптада 8 орман және 4 дала өрті орын алды. Солардың бірінде Біржан сал ауданының тұрғыны қаза тапты. Мереке күндеріндегі аптап ыстықтың салдары өңірдің су қоймаларында да байқалды. 3 күнде 8 адам суға кетті.

РКС: Аптап ыстықтың салдарынан Зеренді ауданында 4, Ақкөл ауданында 3 және Ерейментау ауданында 1 шөп жану оқиғасы орын алды. Сондай-ақ, өңірде өткен аптада дала өртінің 4 дерегі тіркелді. Солардың бірінде 1984 жылғы ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі найзағай түсуінен болып отыр.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ  ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Белағаш ауылының тұрғыны өз күшімен өртті сөндіремін деп қаза тапты. Ол кезде ауа райы күрт өзгерген. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетті. Қолдағы ақпаратқа сүйенсек, ол өрт ошағынан шығып үлгермеген. Бірінші кезекте заттар өртеніп, кейін адамның өзі отқа оранды.

РКС: Өңірдегі су қоймаларында орын алған жазатайым оқиғаның 8-і тұрғындардың мас күйде болуынан, жүзе алмау салдарынан болып отыр. Қайтыс болғандардың арасында кәмелет жасқа толмаған балғын да бар.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ  ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Өңірде бірнеше ауданда қайғылы оқиға орын алды. Аршалы ауданындағы Есіл өзеніне 30-ға жуықтаған ер адам, Зеренді ауданындағы Зеренді көліне 31 жастағы ер адам, Көкшетаудағы Шағалалы су қоймасына 50-ге таяған әйел суға батып кетті. Дәл осындай Красный Яр ауылында да орын алды. Онда 32 жастағы ер адам жазатайым болды. Астрахан ауданындағы Есіл өзеніне 50 жастағы ер адам, Целиноградтағы Нұра өзеніне 14 жастағы балғын мен 56 жастағы ер адам суға батып кетті.

РКС: Шомылу маусымы басталғалы бері 17 адам қаза тапты. Олардың барлығы суға түсуге тыйым салынған жерлерде орын алып отыр. Жаз басталғалы бері өңірдің су айдындарында 52 адам құтқарылды. Оның 11-і кәмелетке толмағандар.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...