
ДИКТОР: Өңірде броконьерлердің саны азаймай тұр. Жыл басынан бері аң аулау ережелерін бұзу бойынша 206 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, заңсыз балық аулаудың 98 дерегі тіркелді. Бұл мәселемен күресу мақсатында аймақта кең ауқымды «Ақбөкен» акциясы өтіп жатыр.
СНХ: ЕРБОЛАТ МАХАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Заңсыз аң аулау, сондай-ақ броконьерлік факторларды анықтау үшін біз түрлі іс-шара ұйымдастырамыз. Біз мұндай жағдайлардың алдын-алу мақсатында балық және аң аулайтын жерлерде өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатамыз. Егер көлікте аң аулайтын мылтық болса, оған қажетті құжаттарды талап етеміз. Аңшылық билет те тексеріледі.
РКС: Биыл Бұланды, Сандықтау және Бурабай аудандарында қылмыстық кодекс бойынша 6 іс тіркелді. Броконьерлер заңсыз елік және бұлан аулаған. Бүгінде бұл заңбұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»