ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

20:23, 25 ақпан 2021

ДИКТОР: Өңірде қылмыстық құқық бұзушылық бойынша  көрсеткіш  35 процентке төмендеді. Ақмола облысы республика көлемінде  8-орында. Қылмыстың көпшілігі Көкшетау мен Степногорск қалаларында тіркелген. Ал аудандар арасында Целиноград , Бурабай аудандары көш басында.

РКС: Өткенжылыөңірдегіауырқылмыскөрсеткішінің шамамен 2 есеге, ал аса ауырқылмыстың 46,4 проценткеөскенібайқалады. Бұл қылмыстық заңнамадағы өзгерістердің әсері,- дейді мамандар. Яғни, мал ұрлығы сияқты кейбір қылмыстың орташа ауырлықтан ауыр санатқа көшуі себеп.

СНХ: ВИКТОР КРАСНОУСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: ///рус///   06:50  Статистикаға сәйкес, әрбір екінші қылмыс ұрлық болып табылады. Негізінен ұялы телефондар қолды болады. Қылмыстың 75,3% -і немесе тіркелген 7 670 құқық бұзушылықтың 5 783-і - меншікке қарсы қылмыстар. Ал жалпы көрсеткіштің ішінде жеке тұлғаға қарсы қылмыс -5,9, көлікке қатысты  – 4, басқару тәртібіне қарсы – 4 процентті құрайды.

РКС: Былтыр интернеттегі алаяқтық деңгейі біршама артқан. Карантин кезінде түрлі тәсілмен адамдарды алдағандар көп.

СНХ: ВИКТОР КРАСНОУСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:///рус/// Әрбір жетінші қылмыс – алаяқтық. Өткен жылы осындай 1079 құқықбұзушылық тіркелді.  Былтыр бұл көрсеткіш  900 болып еді. Былтыр қылмыстық құқық бұзушылық төмендегенімен, алаяқтық 20 процентке өсті. Алаяқтықтың көбі интернет арқылы жасалды.

РКС: Былтыр интернет арқылы жасалған қылмыс саны 639 болған.  Ал былтыр осындай  332 жағдай тіркелген екен.Жалпы облыста пәтерге түсіп, ұрлық жасау мен қылмыстық жауапкершілік арқалағандар саны азайып отыр. Статистикаға сәйкес, қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жұмыссыздар.

АЙСАУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, МЕДЕТ КАИРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...