ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕН 4 ЛАГЕРЬ ТАБЫЛДЫ

20:12, 24 қараша 2021

ДК:Аймақта саяси қуғын-сүргін құрбандары жазасын өтеген бірнеше жеке лагерьдің орны анықталды. Бір ғана Зеренді ауданында осындай 4 лагерь табылған. Бұл жерді  құрбандарды ақтау жөнінде құрылған өңірлік жұмыс тобының мамандары тапқан. Айталық, былтыр Президент жарлығымен әр облыста осындай жұмыс тобы құрылған болатын. Бұдан бөлек, аудан орталығында осы тақырып аясында халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Шараға республикаға белгілі тарихшылар мен шетел ғалымдары қатысты.

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ:  Жұмыс тобының алғашқы сапары дәл осы Үлгілі ауылының маңында басталды. Бұл жерде жеке лагерлік бөлімшенің орны және офицерлік құрамның осындай зираты сақталған. Айталық, арнайы құрылған комиссия мүшелері былтырдан бастап бұл бағытта жұмыс жасап келеді. Нәтижесінде, Зеренді ауданынан осындай 4 жеке лагерь бөлімшесін анықтаған.

СНХ: ТІЛЕГЕН СЕЙФУЛЛИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, бұл лагерь 1932 жылдан бастап 1952-1953 жылдарға дейін жұмыс істеген. 2 мыңға жуық сотталған адам жазасын өтеген. Негізі бұл жерде сотталғандар саяси тұтқындар, мұғалімдер, бірін-бірі көрсеткен ауыл председательдері, бір уыс бидай үшін сотталғандар осы жерде отырған.+скл+Алдағы мақсат – осы жерге ескерткіш тақта орнатып, жазасын өтегендердің тізімін анықтап, реабилитация жасау.

РКС:Өлі разы болмай, тірі байымайды.Халықтың санасына сіңіп кеткен бұл тіркес – осы жұмыстың басты мақсаты іспетті. Тарихи орынға келген жұмыс тобының мүшелері арнайы белгі орнатып, қайтыс болған құрбандарға құран бағыштады.

СНХ: МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, ӨҢІРЛІК ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Осы жерде болған лагерьлер уақыт өте ұмытыла бастаған. Көз көрген жандармен сұхбаттастық. Сол кезде кішкентай бала болған жандар лагерлердың орнын көрсетті. Біз бір лагерь басшысы қызының метіркесін таптық. Ол кезде біздің жер Қарағанды облысы болды ғой. Сондықтан, Қарағандыдағы архивте жұмыс жасадық.

РКС: Нығметжан Қожабекұлы қилы да қиын кезді бала жасында көзімен көрген. Ол Уголки ауылының тұрғыны. Ғылыми конференцияға қатысқан ақсақал балалығының куәсі болған оқиғалармен бөлісті.

СНХ: НЫҒМЕТЖАН ЗАКИРИН, УГОЛКИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:   Менің есімде қалғаны сол жерде тұтқыншылар көретінмін.Сеткадан бізге қарап тұратын. Бала кезімдегі сол есімде қалғаны.

РКС:Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде көптеген тарихи еңбек бар. Бірақ ең алғаш болып осы мәселені көтерген белгілі қайраткер– Жұмабек Тәшенов. Конференцияға қатысқан тарихшылардың ортақ ойы осыған саяды. Ал, Тәуелсіздік алған тұста арнайы коммисия құрылып,процесс әрі қарай жалғасын тапқан.

СНХ:ҚАНАТ ЕҢСЕПОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Тәуелсіздік жылдарында осы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде мәселені Генадий Колбиннің алдына қойған Өзбекәлі Жәнібеков деген қайраткер. Сол кісі осы мәселені күн тәртібіне қоя білуінің нәтижесінде, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау шаралары жұмыс жасап, сол уақытта парламенттік деңгейде комиссия құрылған болатын. Оған саясаткерлер, заңгерлер, тарихшылар қатысқан.

РКС: Конференция қорытындысы бойынша бірнеше пікір айтылып, ортақ ұсыныс қаралды. Мәселен, тарихи орындарға естелік тас қойып, маңын қоршау, ұжымдық монографиялар мен құжаттар жинағын жарыққа шығару. Сондай-ақ, туристік маршрут дайындап, тарихи танымдық фильмдер түсіруде жоспарда бар.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...