ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ӨҢІРДЕ ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙТІН ТАУАРЛАР АНЫҚТАЛДЫ

18:05, 27 маусым 2022

ДИКТОР: Өңірде талапқа сай келмейтін тауарлар анықталды. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің сапасы көңіл көншітпейді. Облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметі жүргізген мониторинг нәтижесісіне сәйкес сәйкессіздік анықталған өнімдердің 80 проценті импорттық тауарлар.

РКС: Өңірде тексерілген 1500-ден астам өнімнің 117-сі талапқа сай келмейді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті дүкен сөрелеріне қойылған тауарлардың сапасына қатысты дабыл қағуда. Олардың ішінде халық күнделікті тұтынатын ет, сүт, макарон өнімдері де бар.

СНХ: ЖАНАР ҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің сапасына аса көңіл бөлдік. Мониторинг барысында ет, сүт, құс балық өнімдерінің қойылған талаптарға сай келмейтіні байқалды. Сәйкессіздік көрсеткіші 6-дан 15 процентке дейін. Техникалық регламенттерде де қате кетіп жатады. Барлығын бақылауға алу қажет.

РКС:Бүгінде елде шағын бизнеске мараторий жарияланғаны белгілі. Әрине, ол Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына сеп болатыны анық. Алайда, таяқтың екі ұшы бар екенін де ұмытпау қажет. Тексерілмеген жерде заңсыздықтар да орын алып жатады. Салдарынан қарапайым халық зардап шегеді. Мысалы, өңірдегі дүкендерде сатылатын тауарлардың сапасы сын көтермейді. Мұндай жағдай бизнесмендердің заңсыз әрекеттерінен туындап отыр. Бір қынжылтатыны оларға тұсау салу да қиындап барады. Ауыл шаруашылығы департаменті де, кәсіпкерлер палатасы да сатылатын өнімнің сапасына біз жауап  бермейміз,-дейді.

ХРИП:ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Наша управления ответственна за развитие и поддержки малого и среднего бизнеса. А не за то чтобы его контролировать.

РКС: Яғни, бизнесті ашуға көмек бар. Алайда, одан кейінгі жұмыс бақылауға алынбайды. Ал кәсіпкерлер артық ақшаны қалтаға басу үшін түрлі айла-амалдарға барады. Мониторинг нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктердің 75 проценті тауарларды таңбалауға байланысты. Бүгінде сақтау ережесі мен мерзімі көрсетілмеген өнімдердің саны артып отыр. Кейбірінде мемлекеттік тілде еш ақпарат жоқ. Тұтынушыны алдау фактілері де тіркеліп жатады. Яғни, көрсетілген ақпарат тауар құрамына сәйкес келмейді.

 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...