
ДИКТОР: Өңірде «Тең құқықтар, тең мүмкіндіктер» форумы өтті. Іс-шарада мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша мәселелер талқыланды.
РКС: Іс-шара көрмеден басталды. Өңірдің түкпір-түкпіріне жиналған қауым форумға түрлі жәдігерлер алып келген. Бұл жай ғана әдемі бұйымдар емес, оның қыр-сыры тереңде жатыр. Себебі, қойылған өнер туындыларының барлығы қарт-қариялар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолымен жасалыпты.
СНХ: ЕЛЕНА БЕСЕДИНА, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ (ШОРТАНДЫ АУДАНЫ): Біз Шортанды ауылынан келіп отырмыз. Бүгін біздің орталықта тұрып жатқан жандардың жасаған әдемі бұйымдарын әкеліп, халыққа көрсетіп жатырмыз. Жалпы, көрмеге 20-дан экспонат әкеліп қойдық.
РКС: Мүгедектерге арналған кедергісіз орта қалыптастыру-басты мақсат. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың да емін-еркін өмір сүруіне жағдай жасалып жатыр. Өңірде де бірқатар іс-шара қолға алынған.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әр ауданда мүгедектермен жұмыс істейтін адамдар бар. Олар әкімнің кеңесшісі болып сайланды. Барлығына төлқұжат беріп, бекіткен болатынбыз. Оларға қолдау көрсетеміз. Басқа да жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл облыстық бюджеттен 4 жобаны іске асыру үшін қаржы бөлдік. Осының арқасында 100-ден астам мүгедек арбасын жөндеуден өткізбекпіз. Сондай-ақ, 50-ден астам адамға компьютерлік сауаттылық сабақтарын береміз. 300-ден астам жанға психологиялық консультация беру мәселесін де шешудеміз. Мұның барлығы жүзеге асады, қаржы бөлінді, жұмыс басталып жатыр.
РКС: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап пандус орнату, түрлі нысандарды бейімдеу мәселесі де кеңінен қарастырылған.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мүгедектігі бар тұлғалардың тұрғын үй обьектілеріне әлеуметтік және көлік инфроқұрылымдарын қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарға алынды. Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі 29 мың адамның жартысы әлеуметік маңызы бар нысандарды оңтайландыруын қажет етеді.
РКС: Ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқығын қорғау қажет. Көбіне олардың пікірі мен ойы тыс қалып жататыны белгілі. Бұдан аулақ болу қажет.Қазіргі қоғам оның маңызын түсініп, енді ғана ой елегінен өткізіп жатыр десек қателеспейміз.
СНХ:ЛӘЗЗАТ ҚАЛТАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бұрындары осылай дөңгелек үстелде жиналатынбыз. Сол уақытта мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін не толғандыратынын, проблемаларын айта алмайтын. Бір бұрышта отыратын. Олар үшін басқа адамдар сөйлейтін. Қазір жағдай өзгерді. Барлығымыз бір жерде отырып, емін-еркін пікірлесіп отырмыз.
РКС: Іс-шара соңында мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін өмір сүруіне көмектесіп, кедергісіз орта қалыптастыруға ат салысып жүргендер марапатталды.
ИНТЕРШУМ: Марапаттау
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»