ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ӨҢІРДЕ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІН 6 ТҮЛЕК БҰЗҒАН

20:58, 7 маусым 2022

ДК: Өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерін 6 түлек бұзған. Олар емтиханға тыйым салынған смартфон, құлаққап сынды заттарды алып кірген. Салдарынан бақылаушылар мектеп бітірушілерді аудиториядан шығаруға мәжбүр болды.

РКС: Биыл түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Бұл ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған шешім. Бүгінде Көкшетау және Атбасар қалаларында  2 тестілеу пункті жұмыс істейді.

СХН: ҒАЛИЯ НҰРАХМЕТОВА, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ САРАПШЫСЫ (ЩУЧИНСК қ): Биыл облыс бойынша  4600 түлек мектеп  бітірді. Облыс орталығында орналасқан тестілеу пунктінде небәрі 100 орын бар. Ал Атбасар қаласында  емтихан тапсыратын аудитория 60 түлекке арналған.

РКС: Бүгінде ҰБТ-дан сәтті өткендердің саны аз емес. Облыс орталығында 1800, ал Атбасар қаласында 300-ге жуық түлек маңызды емтиханнан өтіп, жоғары оқу орнын таңдауға кірісіп кеткен.

СНХ: ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ  КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Биылғы ҰБТ-ның өзгерістері ретінде  егер түлек 2 тестілеудің бірінде  тыйым салынған заттарды пайдаланса, 2 мүмкіндігінен де айырылады. 1-ші емтиханды тапсырып, 2-сінде тыйым салынған затпен ұсталынса барлық нәтижелері жойылады.Биылғы жаңашылдықтың бірі түлекке смс хабарлама келеді. Яғни қай уақытта және қай күні тест тапсыратыны.

РСК: Айта кетейік, түлектер емтихан кезінде Менделеев кестесі мен калькуляторды емін-еркін пайдалана алады.

ӘСПЕТ КЕНЖЕҚАРА,АЙГЕРИМ  БЕГЕНОВА, АМИР КОЙШИБАЕВ. КОКШЕ АКПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...