
ДК: Облыс орталығында «Үміт» спартакиадасы өтті. Оған облыстың түкпір-түкіпірінен жиналған 300-ден астам мүмкіндігі шектеулі адам қатысып, спорттың әр түрінен сынға түсті.
РКС: Еркін Ғаббас –халыққа қызмет көрсету орталығында 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ол 2011 жылдан «Мерген» мүмкіндігі шектеулі жандар спорт клубының белсенді мүшесі. 2016 жылы оқ атудан республикалық жарысқа алғаш рет қатысып 3-орынға ие болған.
СНХ: ЕРКІН ҒАББАС – ОБЛЫСТЫҚ «ҮМІТ» СПАРТАКИЯДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Облыстық олимпиадада жеңімпаз атандым, республикаға жолдама алдым. Оны жеңіп халықаралық жарысқа жеткім келеді. Олимпиадаға жету үлкен арман. Екі ай бұрын қаламыздағы 4-ші мектепте оқу тирі ашылды. Мен пневматикалық винтовкадан парабельдік атуға қатысамын.
РКС: «Үміт» облыстық спартакиаданың жеңімпазы қазір республикада өтетін жарыстарға дайындалып жатыр. Ол аптасына 3 рет жаттығуға қатысады. 2017 жылы спорт шеберінің кандидаты атағын алды.
СНХ: ҚЫМБАТ АБАЙ – МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ///аударма/// Ғаббас Еркінмен 2 жыл бірге жұмыс істеймін,осы уақытта мен оны жақсы әріптес ретінде таныдым. Әр дайым көмектеседі, үйретеді өте мейірімді адал, ақкөңіл адам.
РКС: Еркін өзін мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарына жатқызбайды. Мен алға қойған мақсаттарыма еш кедергісіз жете аламын,-дейді ол.
СНХ: ЕРКІН ҒАББАСҰЛЫ – ОБЛЫСТЫҚ «ҮМІТ» СПАРТАКИЯДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Арба бұл жайғана біздің қозғалу құралымыз. Мен өзімді мүмкіндігі шектеулі жандар қатарына жатқызбаймын. Психологиялық мәселелерді спортпен еңсерген жақсы.
РКС: Ақмола облысында 29 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бүгінде олардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалған.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, РИЗА ДУЛАТ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, ДИДАР ӨМІРЗАҚ. КӨКШЕ АҚПАРАТ