ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ВАКЦИНАЦИЯ ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕН

21:07, 21 маусым 2022

ДК: Кеше Ақмола облысы бойынша Covid-19 індетін жұқтырған бір адам тіркелді. Бүгінгі таңда вакцинация қарқыны төмен. Жүкті әйелдер мен балалар арасында «Pfazer» екпесін 2127 адам ғана қабылдаған. Бұл тек осы санаттағы жандардың 47,9 проценті. «Pfazer» вакцинасые егуге қатысты ең төменгі көрсеткіші Атбасар, Зеренді аудандары мен Қосшы, Степногорск қалаларында байқалады.

РКС: Өңір жасыл аймақта. Дегенмен мамандар еркінсуге болмайтынын айтып дабыл қағуда. Эпидемиялогиялық жағдай тұрақты, алайда тәулік ішінде Ақкөл ауданынан коронавирус індетін жұқтырған 1 бала анықталды. Қазіргі күні облыс бойынша Covid-19-ға қарсы 133 егу пункті жұмыс істейді. Аймақ тұрғындарының 75 проценті екпе салдырған.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: На сегодня у нас в области зарегистрирован четвертый случай. Это вчера был выявлен в Аккольском районе. Это - ребенок. 2018 года рождения. Было при самообращении в медицинской учреждении выявлен. Родители обратились жалобами на повышение температуры тела до 38 градусов, общая слабость, а также недомогания. /// 01.27-01.33/// Бүгінгі күні біздің облыста төртінші жағдай тіркелді. Кеше Ақкөл ауданынан 2018 жылы туған бір баладан анықталды. Медициналық мекемеге келгенде аурудың алғашқы белгілері байқалған. Ата-анасы баласының дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілгенін, жалпы әлсіздік пен мазасыздық пайда болғанын айтқан.

РКС: «Pfizer» вакцинациясын егуге қатысты жағдай еліміз бойынша өте күрделі. Республикалық көрсеткіш  бойынша Ақмола облысы 17-ші орында.

СНХ: ӘЙГЕРІМ КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АНА МЕН БАЛА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  По состоянию на 21 июня 2022 года согласно матрице оценки эпидемиологической ситуации по темпам распространения коронавирусной инфекции находимся в зеленой зоне. Последний ребенок был выписан 4 марта, взрослый 3 апреля. ///01.47-01.56/// Хотелось бы отметить что низкая вакцинации именно файзером. Учитывая контингент детей, подростков и беременных. ///21 маусымдағы жағдай бойынша эпидемиологиялық жағдай облыс бойынша тұрақты. Бүгінгі күні жасыл аймақтамыз. Инфекция жұқтырып, ауырып шыққан соңғы бала 4 наурызда, ересек адам 3 сәуірде ауруханадан айығып шықты. Балалар, жасөспірімдер және жүкті әйелдер контингентін ескере отырып «Pfazer» вакцинациясын алушылардың көрсеткіші төмен екенін атап өткім келеді.

РКС: Өңір бойынша ревакцинация қабылдағандардың көрсеткіші 61,2 процент. Ең төмен көрсеткіш Бурабай ауданы мен Қосшы, Степногорск және Көкшетау қалаларында тіркелген. Айта кету керек, үй жағдайында маска кию міндетті емес. Ал медицина мекемелеріне барған кезде маска кию әлі күнге дейін басты талаптың бірі. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, екпенің үшінші компонентін қабылдау маңызды болып қала бермек.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, РАХАТ ЖҰМАБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...