ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ «ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

20:32, 13 мамыр 2022

ДИКТОР: Бүгінде табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса өзекті. Қазақстан да бұл бағытты дұрыс жолға қоюды көздейтіні анық. Ел Тәуелсіздік алғалы бері  осыған орай қабылданып жатқан шаралардың саны аз емес. Өңірде де бұл сала қолға алынуда.

РКС: Елде өткен жылы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Ол төрт негізгі бағытты қамтиды. Ең алғашқысы -Таза Қазақстан. Ол алдына атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды өндіру сынды мақсаттарды қояды. Бүгінде өңірде бұл бағыт қарқынды жүзеге асырылуда.

СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІС:  Қазіргі таңда өңірде орман үлесін арттыру үшін түрлі жоба жасап жатырмыз. Яғни, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қоршаған ортаға түсірілетін шығарылымдардың көлемін азайту мақсатында көгілдір отынға көшу. Осы мақсатта Сарыарқа газ магистральды құрылысы жүріп жатыр.

РКС: Мамандар аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартудың оңтайлы шешімін профилактикалық шаралардан көріп отыр. Мысалы, өңірде көптеген курорттық зоналардың орналасуы қоршаған ортаға үлкен салмақ түсіріп отыр. Мәселе бар. Оны шешу үшін біз жастармен тығыз байланыстамыз,-дейді сала мамандары.  

СНХ: МАРАТ ШЛЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ:  Бүгінде экологиялық білімнің маңызы зор. Біздің департамент халықтың біліктілігін арттыру мақсатында түрлі іс-шара ұйымдастырып та, оған қатысып та жүр. Жыл сайын студенттер арасында кездесулер, жиындар, семинарлар өткіземіз. Студенттермен де тығыз байланыстамыз. Сондай-ақ, біздің департаментте жыл сайын жоғары оқу орындарының студенттері тәжірибеден өтеді.

РКС: Сондай-ақ, бұл бағыт аясында елдегі тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуды 18 проценттен 34 процентке дейін ұлғайту көзделген. Өңірде де қайта өңдеу ісін 4 проценттен 10 процентке дейін жеткізу жоспарланып отыр.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...