ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ

17:48, 21 маусым 2021

 

ДК: Ақмола облысында экологиялық мәселе өзекті. Жыл соңына дейін аймақтағы өзен-көлдерді тазалау жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Nur Otan» партиясы жанындағы Экологиялық кеңес баспасөз хатшысы хабарлады. Аймақтағы қоршаған ортаның ахуалы келесі бейнематериалда.

РКС: «Nur Otan» партиясы жаңа экологиялық кеңесінің отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану, орман қорын ұлғайту секілді біршама өзекті тақырыптар қаралды. Әсіресе, Ақмола облысындағы Бурабай, Шортан, Қопа көлдерін тазалау жұмыстарына аса мән беріліп отыр.

СНХ: ЕЛДОС АБАҚАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ///қаз./// Бурабай көлін 2025 жылға дейін  тазартуға қатысты іс-шаралар жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, Қопа көлін тазартуға байланысты биыл құжаттарды даярлаймыз. 2023-2025 жылдар  аралығында осы жоба тікелей іске асырылатын болады.

РКС: Сондай-ақ, биыл Экологиялық кодекс аясында республика көлемінде  2 миллиардқа жуық ағаш егіледі деп жоспарланған. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, қалдықтарды қайта өңдеу проблемасы - кеңестің экологиялық саясатындағы басым бағыттардың бірі. Өңірде тұрмыстық қатты қалдықты жою мен қайта өңдеу ісін 4 проценттен 10-ға жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін 3,2 миллиард теңгенің жобасы қарастырылған.

СНХ: ЕЛДОС АБАҚАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ///қаз./// Ақмола облысында біршама ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның қоршаған ортаға әкеліп жатқан зияны жоғары деп айтсақ да болады. Енді алдағы уақытта Ерейментауда тағы да жел энергия тсанциясын салу көзделіп отыр. Аршалы ауданында қалдықтарды өңдейтін зауыт салу да жоспарда бар.

РКС: Ендігі мақсат - экологиялық шаралардың ауқымын кеңейту. Қоғамның назарын экологиялық мәдениет танымына бет бұрғызу қолға алынып отыр. Сонымен қатар, Экологиялық кодекс аясында ауқымды жұмыстар жүргізілу жоспарда бар.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...