ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕГІ ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТЫ

19:46, 27 мамыр 2022

ДК: Аймақтағы эпидахуал тұрақты. Осы ай басталғалы кесел жұқтырған тек 1 ғана науқас тіркелген. Ол Ақкөл ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Десе де босаңсуға болмайды. Сол себепті дәрігерлер ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы брифингте облыстың санитарлық бас дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

РКС: Қауіпті кесел Еуропа елдерін әлі де әуре-сарсаңға салуда. Әсіресе Италия, Германия, Ұлыбритания мемлекеттерінде індет қайта өршіген. Ал, Қазақстандағы ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Өткен тәулікте республика бойынша 5 дерек тіркелген. Ақмола облысында осы айда 1 ғана науқас анықталыпты. Осы ретте облыстың санитарлық бас дәрігері вакцинацияның сәл бәсеңдегін айтады.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: Бүгінгі күні екпенің бірі компонентін 358 405 адам алды. Бұл жалпы халық санының 48 процентін құрайды.  Ал, вакцинаның екінші кезеңінде 346 221 мың адам қамтылды. Бұл 47 процентті құрап отыр. Былтырғы жылдың 22 қарашасынан бастап ревакцинация басталғанын білесіздер. Қазіргі таңда  129 339 адам ревакцинациядан өткенін атап өткім келеді.

РКС: Бір індетті енді ауыздықтай бастағанда, тағы бір кесел күшіне мінген. Ол Африка елінде пайда болған – маймыл шешек дерті. Бүгінде бұл ауру әлемнің 17 мемлекетіне тарап үлгерген. Жыл басталғалы 58 адам індеттің құрбаны болған.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: Африкада індет тез өршуде.  Ресми ақпаратқа сәйкес 2016 жылдан бастап дерт 20 есе өскен. Ең көп жағдай Нигерия мен Конгода тіркелген.

РКС: Облыстың санитарлық бас дәрігері дерттің негізі сипаты мен белгісіне тоқталды. Сондай –ақ, жергілікті халықты қорғанып, сақ жүруге шақырды.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ,  ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ,  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...