ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН Толығырақ

ӨҢІРДЕГІ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ

12:53, 8 сәуір 2021

ДИКТОР:  Өңірде мүмкіндігі шектеулі 25 мың  адам бар. Бүгінде соның 30 проценті спортпен шұғылданады. Олардың сүйікті ісімен айналысуына барлық жағдай қарастырылған. Тәуелсіздік жылдары облыс бойынша бір мыңнан астам спорт ғимараты  салынды. 

РКС: Бұл «Дарын» спорт кешені. Өткен жылдың күзінде ашылған спорт мекемесінде бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандар жаттығып келеді. Соның бірі пауэрлифтингтен Қазақстан Респубикасының екі дүркін чемпионы  – Олег Гридасов. Ол ширек ғасырға жуық спортты жанына серік етіп келеді. Өзіндей жандардың жағдайын елеп-ескеріп, осындай тамаша мүмкіндік жасап отырған мемлекеттің қамқорлығына ризашылығын білдіреді.

СНХ: ОЛЕГ ГРИДАСОВ, ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ//аударма// Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде биік белестерге көтерілді. Елдің атын шығаратын спортшылар тәрбиеленіп жатыр. Олардың өсіп-жетіліп, жан-жақты дайындалуы үшін осындай залдар ашылды. Біздер үшін де бұл жерде бәрі ыңғайлы. Бірінші қабаттан бастап барлық жағдай қарастырылған, ешқандай проблема жоқ. Арбамен де өзіңіз кіре аласыз. Спортпен шұғылдану үшін барлық мүмкіндік ойластырылған.

РКС: Мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенді өмірге араласуына спорттың берері көп.  Өңірдегі 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы талай додаға қатысып, жүлделі орындарды еншілеп жүр.

СНХ: АЛМА ХАМИТОВА, «ДАРЫН» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:/// аударма///Олар білікті жаттықтырушылардың басшылығымен тегін жаттыға алады. Біздің кешенге келіп жаттығатын 600-ге жуық спортшы бар. Олардың 200-ге жуығы  мүмкіндігі шектеулі жандар.

РКС: Айта кетейік, бұл спорт кешенінде бір мезетте 80-ге жуық спортшы жаттыға алады. Қазіргі карантиндік шектеулерге байланысты санаулы спортшы ғана дайындалуына мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта осындай спорт кешендері Ерейментау, Есіл, Целиноград аудандарында салынып жатыр.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН БИ СЕКЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
14:00, 14 сәуір 2021
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН БИ СЕКЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
19:39, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
19:40, 7 сәуір 2021
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
Толығырақ...
ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
19:42, 7 сәуір 2021
ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ А...
Толығырақ...