ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

13:12, 22 қаңтар 2021

ДИКТОР: Қала суық, жол қар құрсауында, азық-түлік бағасы өскен – жаңа жылдың алғашқы айының бейнесі осындай. Облыс әкімі өңір басшыларының жұмысындағы олқылықтарды атап, аудан әкімдері мен басқарма жетекшілеріне ой түюге кеңес берді. Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады.

РКС: Былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес Ақмола облысы барлық көрсеткіштерге қол жеткізу дерегі бойынша республика өңірлері арасында көш бастады. Үздік үштікке Ақтөбе мен Алматы облыстары да енді. Алайда, облыстың аудандарындағы экономикалық даму әр деңгейде. Аутсайдерлер қатарында Шортанды ауданы барлық сала бойынша төмен нәтиже көрсеткен. Соңынан санағанда екінші орында Аршалы ауданы. Кейінгі кезекте Зеренді, Жақсы ауданы мен Степногорск қаласының көрсеткіштері төмен. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев бұл аудандардың экономикалық әлеуеті жоғары екенін алға тартты. Өз міндетін абыроймен атқара алмаған аудан әкімдеріне шара қолданылады.  

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ//РУСС///Тиісті көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған аудан басшылары биыл бұл олқылықтың орнын толтырады деп сенемін. Сондықтан сіздерге қойылатын талап артатынын ескертемін. Биылға межеленіп дайындалған жоспарды әрқайсыңыз орындауға міндеттісіздер. Осы мақсатта арнайы меморанду жасаймыз.

ОТВОДКА: Өткен жылдың әлеуеметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған жиыннан толық ақпаратты кешкі сағат 17.15-те  көре аласыздар.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар