ШҰҒЫЛ! КӨКШЕ ТӨРІНДЕ «ЖАУЖҮРЕК» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ СУ АЙДЫНДАРЫНДА ТАҒЫ БІР ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ

19:23, 21 шілде 2021

 

ДК: Ақмола облысында шомылу маусымы жалғасуда. Алдағы 2 күнде ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Әлбетте, аптап ыстықты күткен көпшілік суға түсуге бет алары анық. Сондықтан да құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Себебі, жаз басталғалы облыстың су айдындарында 18 адам суға кетті. Олардың үшеуі – кәмелет жасқа толмағандар. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

РКС: 20 шілде күні облыстың су айдынында 1 жазатайым оқиға орын алды. Қайғылы жағдай шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған жерде болған. Сондықтан да, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін барынша қатаң сақтауды сұрайды.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Ауа температураның көтерілуімен алғашқы күндері су айдынында  жазатайым оқиға орын алып, 1 адам қаза тапты. Бұл Аршалы ауданында болды. Ал кеше, 20 шілдеде Жалтыркөл ауылының маңында да тағы осындай оқиға болды. Тыйым салынған жерде шомылған кезде 85 жастағы азамат суға батып кетті. Өлімнің себебі, азамат өз мүмкіндігіне қарамай,  50 метрден астам жүзіп кеткен. Салдарынан ол суға батып кетті. Айта кету керек, тыйым салынған белгілерге қарамастан, адамдар бұл талаптарды елемейді.

РКС: Аумақтық бөлімшелер Полиция департаментімен бірлесе 3 361 рейдтік шаралар жүргізді. Оның нәтижелері бойынша 513 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, КАМШАТ ТӘКІШЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21:42, 24 қыркүйек 2021
ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
18:05, 24 қыркүйек 2021
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
СҮТ КӘСІПОРНЫНДА "ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
18:03, 24 қыркүйек 2021
СҮТ КӘСІПОРНЫНДА "ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ФИЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»  БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
16:20, 21 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖА...
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...