ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ONLINE ЖӘРМЕҢКЕ. МАҚСАТ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ДАМЫТУ

20:33, 20 қазан 2021

ДИКТОР: Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында онлайн жәрмеңке өткізілді. Оған жергілікті атқарушы органдардың  мамандары қатысты. Естеріңізге сала кетейік мұндай жәрмеңке 5 қазанда да өткізілген. Нәтижесінде облыс бойынша барлығы 200-ден астам сұрақ келіп түскен.Түскен өтініштер жедел арада қаралып, азаматтардың күту уақыты 3 мин асқан жоқ.

РКС: Аталған іс-шара аясында  онлайн қызметтерді  көрсету мүмкіндіктерін кеңейту,оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша  халыққа кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сала мамандары жәрмеңкеде жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, әділет, спорт салалары бойынша сұрақтарға жауап берді.

СНХ: ДАНАГҮЛ ЖҰМАБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгінде жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік қызметтің 173 түрін көрсетуде. 9 айдың қорытындысы бойынша  «Азаматтарға арналған үкіметтің» мемлекеттік корпорациясы электрондық үкімет порталының ақпараттық жүйелері арқылы негізінен электрондық форматта 5 млн-нан астам қызмет көрсетілді.

РКС: Жыл басынан бері  білім саласы бойынша 97 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ  БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 34 қызметтің 24-і аудандық қалалық деңгейде жүргізіледі. Ал 10 қызмет түрі облыстық деңгейдегі білім ұйымдарымен жүргізіледі. Бірінші  қызмет бізде психологиялық медициналық консультация,7 қызмет бүгінгі күні кәсіптік техникалық жүйе яғни колледждар арқылы жүзеге асады. Осының ішінде 1қызмет тікелей облыстық білім басқармасы арқылы жүзеге асады. Яғни колледждарға грант бөлу мәселесі.

РКС: Қазіргі таңда электронды қызмет түрлерін қолданушылар қатары көбейіп келеді. Мұдай жәрмеңкелердің халыққа тигізер пайдасы мол.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...