ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ

20:02, 15 қыркүйек 2021

 

ДИКТОР: М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында халықаралық конференция өтті. Ауқымы кеңейген дәстүрлі жиынға биыл Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Европа елдерінен сала мамандары қатысты. Басты тақырып – жанғыштығы төмен полимерлі материалдарды пайдалану.  Айта кету керек, мұндай маштабты конференция Көкшетауда алғаш рет ұйымдастырылды.

РКС: «Жанғыштығы төмен полимерлік материалдар» конференциясы полимерия технологиясын жасау саласындағы ең танымал және беделді іс-шаралардың бірі. Жиын төтенше жағдайлар мен өрт қаупінің  алдын алу мақсатында әр екі жыл сайын өткізіледі. Алғаш рет конференция 1990 жылы Алматы қаласынан бастау алған.  Ал биыл шара Көкшетауда ұйымдастырылды.

СНХ: АНДРЕЙ СИВЕНКОВ,  РЕСЕЙ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ: Бұл төтенше жағдайлар салдасындағы  ғалымдар мен мамандардың басын біріктіретін маңызды, тарихи оқиға. Жанғыштығы төмен полимерлерге қатысты мәселе  өрт қауіпсіздігі саласындағы ең озық бағыттардың бірі.  Бұл конференция 1978 жылдан бері өткізіліп келеді деп саналады. Бірақ ол кезде Бүкілодақтық симпозиум форматында өтті. Бұдан әрі іс-шаралар «төмен тұтанғыштық полимерлік материалдар» деген жалпы атаумен біріктірілді.

РКС: Іс-шараның халықаралық мәртебе алғанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Қатысушылар арасында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері бар. Биыл тағы бірнеше мемлекет қосылды. Бұл конференция тақырыбының әлем елдері үшін қаншалықты маңызды әрі өткір екенін дәлелдесе керек. Пандемияға байланысты кеңес онлайн форматта өтті.

СНХ: ЖАНДОС МӘКІШЕВ,  М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАФЕДРА БАСТЫҒЫ: Конференция 15-17 қыркүйек аралығында өтті. Оған тәжірибелі мамандар да, жас ғалымдар да қатысады. Ғылыми конференцияның негізгі бағыттары-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды талдау, полимерлі материалдардан жасалған конструкциялардың қажетті өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары.

РКС: Конференция бағдарламасына түрлі дәрістер мен баяндамалар, пікірталастар және стенд сессиялары кірді. Сондай-ақ, жас ғалымдар жұмысының көрмесі, үздік еңбектер байқауы ұйымдастырылды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...